Мәтінмен жұмыс.
Оқылым алды тапсырмасы:
(Т)«Бастапқы танысу» әдісі бойынша мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырып бойыншаассоциация жүргізіледі, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.
(Ұ) Оқылым кезіндегі тапсырма
Мәтінді 3 оқушыдан рөлге бөліп оқиды (Автор, Мырзабек, Иманбек), тірек сөздерді табады.
Мырзабек – шебер бала. Ол ойыншықтың бәрін өзі жасайды. Ол шырпы қораптарынан әдемі үй жасайды.Иманбек бұл ойыншыққа қатты қызықты. «Не беріп айырбастап алсам екен?» деп ойлады.
Ол Мырзабекке:
- Мен саған добымды берейін. Сен маған ойыншық үйіңді берші, - деді.
Мырзабек допты алмады. Ол Иманбекке ойыншық үйді берді.
- Мен өзіме тағы жасап аламын, - деді Мырзабек.
Иманбек:
- Рақмет! – деп, қуанды.
М.Төрежанов
(Т)Оқылымнан кейінгі тапсырма:
1-топ. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды, басқа топтарға қояды:
1. Әңгімедегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
2. Мырзабек не жасады?
3. Оның ойыншығына кім қызықты?
4. Мырзабек пен Иманбек ойыншықтарын айырбастады ма? Неліктен?
2-топ. Мырзабекке сипаттама жасайды, дәлелдейді. Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
3-топ. Әңгіме желісі бойынша сахналайды.
Оқушылардың жұмыстары тыңдалады, мұғалім кері байланыс береді.
(Ұ) Грамматикалық қоржынсергіту сәті ретінде өткізіледі.
Оқушылар бір-біріне доп лақтырады да «Мен шебер...»деп жалғаусыз айтады, допты ұстап алған оқушы сол сөзді дұрыс жалғауымен айту керек. Тиісті жалғаулар тақтада беріледі.
Тиісті жалғаулар: -мын, -мін, -сің, -сіз, -сыз.
Мен шебер... Сен ұқыпты... Сіз ренжи... т.б. солай
сөздер жалғаса береді.
«Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өзара бағалайды, комментарий береді.
(Ж)«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі бойынша оқушыларға сөйлемдер беріліп, жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшінсұрақ қандай болатынын анықтайды.
Сөйлемдер: Мырзабек – шебер бала.Ол ойыншықтың бәрін өзі жасайды.Ол ойыншықты шырпының қорабынан жасайды.Ол шырпының қораптарынан әдемі үй жасайды. Ол ойыншығын Иманбекке берді.
Жұптар бір-бірін комментарий айту арқылы бағалайды.
Комментарий үлгісі: сұрақтарды дұрыс құрайды. Мұғалім 2-3 оқушыны тыңдап, кері байланыс береді.
(Ж) Оқушылар берілген суреттердің орнына сөздерді қойып айтады.
Мырзабек
Нұрасыл шырпылардан жасады
Ертөре
Әлібек
Жұп болып отырған оқушылар бір-бірін тексереді.
Таныстырылым
№ 5-6
|