Сабақтың ортасы
(30 мин)
|
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту:
. Бір жылда он екі ай бар. Мен сендерге он екі айды бөліп беремін. Қыс үш айды. Көктем үш ай алады. Жаз үш ай алады. Күз үш ай алады.
Ал енді бізге жыл мезгілдері туралы тақпақ айтып береді, тыңдайық.
Қыс
Алақай, алақай,
Қуанды балақай!
Күз ауды,
Қар жауды
Құс кетті,
Қыс кепті.
Дала қар күтеді,
Жаңа жыл жетеді.
Көктем
Қар ериді, жаңбыр
жауады,
Найзағай жарқылдап, жел
соғады.
Гүлдер шығып, құстар
келіп,
Көктемде бәрі мәз
болады.
Жаз
Мәз болды, балақай
Жаз келді, алақай!
Күн ұзақ күйдірді
Түн аз-ақ кідірді.
Жайдары келді жаз,
Көлдерде жүзді қаз.
Күз
Алақай, алақай,
Шаттанды балақай.
Береке – салты күз
Мереке – алтын күз!
|