Қорытынды:
1. Сен нешеде оянасың?
2. Таңертеңгі асты нешеде ішесің?
3. Мектепке дейін немен барасың?
4. Мектепте сабақ нешеде бітеді?
5. Қай уақытта үйге келесің?
6. Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың?
Дәптермен жұмыс. Өлең құрастыру.
Біз .......баламыз,
Айтқан ..... аламыз.
Үлкендерге ......беріп,
Біз ........ боламыз
Керекті сөздер: бақытты, тілді, жол, әдепті.
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындау.
1-топ
Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту
• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.
• Досым допты домалатты.
• Суық сумен сүртіндім.
2-топ
● Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.
● Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.
1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау – пысықтау;
2. ақырын – шапшаң, апару - әкелу, бастау – аяқтау, тоңу – жылыну.
Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін
Шаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау – білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.
3-топ
. Жұмбақ шешу
● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.
Жақыннан әкеп хабарды.
Ренжітер барлық адамды.
Алыстан әкеп хабарды,
Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)
Жеңілдікпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар.
Қиындықпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)
|
Сабақтың
соңы
|
Қорытынды.
Не жалғыз? Көз екеу, қол екеу, екі аяқ, екі құлақ, не жалғыз? (Мұрын, тіл).
Сұрақ-жауап. (Суреттері шығып тұрады).
Мұғалім:
-Екі қолың не үшін қажет? Елге көмек беру үшін.
-Екі көзің не үшін қажет? Жақсыларды көру үшін.
-Екі құлағың не үшін қажет? Ақыл кеңес тыңдау үшін.
-Екі аяғың не үшін қажет? Сабаққа кешікпей, уақытында келу үшін.
-Ендеше балалар әр нәрсені сезу үшін нелер көмектеседі екен? (Сезім мүшелері).
Рефлексия: Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
— Сендерді не қызықтырды?
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Жетістік критерийлері бойынша бағалау.
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:
• тыңдалған кейіпкердің атынан диалогке сенімді түрде қатысады.
• бейтаныс жағдаятқа қатысты өз идеялары мен сезімдерін түсіндіру үшін сөздерді орынды қолданады.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қабілет жоғары оқушыларды топтастырып, сезім мүшелері туралы ертегі құрастырудыұсыну. Қабілеті ортадан жоғары оқушылар ноутбуктен үнтаспа тыңдау арқылы дауыстарды тізбектеп жазады.
Қабілеті орта оқушылар сынып ішіндегі заттарды көріп атауларын жазады.
|
Топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың диалогқа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау. Осы деректер келесі талқылауларды жоспарлауда қолданылады.
|
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Сергіту сәттері
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |