Пән:Қазақ тілі
Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:
4-тарау «Сәулет өнері»
Күні:
Сынып: 3
|
Мектеп:.
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтақырыбы
|
Мынау қай жануардың мүсіні?
|
Оқумақсаттары
|
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем);
3.5.1.4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін ауызша тілде қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы:
Үлгі бойынша әр мүсінді сипаттап айтады.
|
Оқушылардың көпшілігі:
Шеңбер бойымен әңгімелеу барысында маған/саған/сізге/оған септелген есімдіктерді орынды қолданады.
|
Оқушылардың кейбірі:
Тірек сөздерді қолданып, «Шығыс күнтізбесі» субұрқағын сипаттап айтады.
|
Бағалау критерийлері
|
Берілген тірек сөздерді қолданып сөйлеу барысында септелген жіктеу есімдіктерін (маған/саған/сізге/оған) орынды қолданады.
|
Тілдік мақсат
|
сұр
|
жіктеу есімдіктерінің барыс септігіндегі формасын қолдану: мен → маған, сен → саған, сіз → сізге, ол → оған
|
Құндылықтарды дарыту
|
Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.
|
Пәнаралықбайланыстар
|
Дүниетану
|
АКТ қолданудағдылары
|
PowerPoint таныстырылымы, Activestudio(activeboard) мүмкіндіктерін қолдану
|
Бастапқыбілім
|
«Жануарлар» тақырыбы бойынша 1-2-сыныптарда өткен сөздерін еске түсіреді (жылқы, қой, тауық, маймыл, қоян, жылан, доңыз, тышқан, сиыр, ит, барыс, ұлу).
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
6 минут
|
Қызығушылықты ояту – 2 минут
«Мозаика» ойыны
Оқушыларға суреттер қиындылары таратылады. Қиындылардан суреттер жинау барысында оқушылар 3 топқа бірігеді.
«Мағынаны таны» стратегиясы – 2 минут
Суреттерге қараңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
|
|
Бұл – жылқының мүсіні.
Жылқының мүсінінің түсі – қоңыр.
|
Бұл ненің мүсіні?Оның түсі қандай?
Субұрқақта қандай мүсіндер бар? Олар неден жасалған? Жылқының мүсінінің түсі қандай?
Сабақтың тақырыбын жариялау
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут
|
№1 слайд
// суреттер
№2 слайд // суреттер
№3 слайд
|
Сабақтың ортасы 30 минут
5 минут
8 минут
6 минут
11 минут
|
Есте сақта!
Мен →
|
маған
|
ұнайды
|
Сен →
|
саған
|
Сіз →
|
сізге
|
Ол →
|
оған
|
Саша →
|
Сашаға
|
Үлгі бойынша айтып, өзіңді тексер:
Мен (тауықтың мүсіні)
Мынау – тауықтың мүсіні. Маған тауықтың мүсіні ұнайды.
Сен (барыстың мүсіні)
Сіз (маймылдың мүсіні)
Ол (жыланның мүсіні)
1-тапсырма (оқулықтың 109-бетіндегі 3-тапсырма).Үлгі бойынша әр мүсінді сипаттап айту
оқушының аты
|
ұнайтын мүсін
|
Саша
|
жыланның мүсіні
|
.....
|
......
|
.....
|
.......
|
Тақтаға жоғарыдағы кесте ілінеді.
Мұғалім оқушылар назарын оқулықта берілген мүсіндерге (суреттерге) аударады.
Тақтаға үлгі жазылады:
ҮЛГІ: Маған жылқының мүсіні ұнайды. Жылқының мүсінінің түсі – қоңыр.
Әр оқушы өз атын және өзіне ұнайтын мүсіннің атауын кестеге жазады да, үлгі бойынша сипаттап айтады.
Бағалау «Шапалақ» тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
«Шеңбер бойымен әңгімелеу» әдісі
2-тапсырма (оқулықтың 109-бетіндегі 4-тапсырма).
Кімге ненің мүсіні ұнайды?
Маған // саған // сізге // оған
1-тапсырмада толтырылған кестені басшылыққа ала отырып, әр топтан тақтаға шыққан 1 оқушы өз тобы мүшелеріне қай мүсіннің ұнайтыны туралы айтады. Мысалы: Маған жыланның мүсіні ұнайды. Арай, саған қоянның және барыстың мүсіні ұнайды. Апай, сізге ұлудың мүсіні ұнайды. Сашаға (оған) жылқының мүсіні ұнайды.
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.
3-тапсырма (оқулықтың 110-бетіндегі 5-тапсырма үлгісімен). Тірек сөздер бойынша «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы туралы мәтін құрастырып айту
ТІРЕК СӨЗДЕР: «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы, 12 мүсін, олар, жылқының мүсіні, жыланның мүсінінің түсі – сұр, мәрмәр тастан, әдемі
Бағалау дескриптор арқылы жүзеге асады.
Дескриптор:
«Шығыс күнтізбесі» субұрқағындағы барлық мүсіндерді атады.
Тірек сөздерді қолданып, субұрқақты сипаттап айтты.
|
№4 слайд // кесте (үлестірмелі қағаздар)
№5 слайд // кесте + үлгі
№6 слайд + кесте (1-тапсырмада қолданған/ толтырылған) кесте
№7 слайд //
сурет + тірек сөздер + дескриптор
|
Сабақтың соңы
4 минут
|
Рефлексия
«Стикерлі вагондар»
1-вагон:
Мен тірек сөздермен мәтін құрастырып айтамын.
|
2-вагон:
Мен тірек сөздермен мәтін құрастыруда қиналамын.
|
3-вагон:
Маған көмек керек.
|
|