Сабақтың тақырыбы: Күз келді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет23/258
Дата12.12.2023
өлшемі32,03 Mb.
#196521
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   258
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ барлыгы

Лексикалық минимум

Көгершін, құстар, қорғайды

Грамматикалық минимум

Тәуелдік жалғау
Құстар- біздің досымыз.
Жіктік жалғау
Құстарды қорғаймын.

Құндылықтарды дарыту



Қоршаған ортаны қорғау

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым
http://bala.soyle.kz/picture/training?id=12 сайтында тапсырманы орындайды

Бастапқы білім



Жәндік жанды табиғатқа жатады ма?

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет





Ресурстар

Сабақтың басы



«Пойыз» ойыны (бірінші тұрған оқушы бір сөз айтады, келесі тұрған оқушы алдыңғы сөздің соңғы әрпіне сөз айту керек, айта алмаған оқушы ойыннан шығады).
Ара-ат-түйе-есек-күшік-кесіртке-ешкі
Үй тапсырмасын тексеру. “Таңдамалы тексеру” әдісі. Оқушылардың жазған жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексеру. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданамын.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.




Сабақтың ортасы



(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту

Құстар

Көгершін
Қорғау-көмектесу, жамандықтан қорғау, суықтан қорғау
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Жыл құстары, құстарды қорғау. Құстарды қорғау керек.
Ақ көгершін. Мен көгершіннің суретін салдым.


(Ө, Ұ) Тыңдалым
Тыңдалымалды тапсырма
Тыңдалымда кездесетін таныс емес сөздермен жұмыс жүргізу.
«Қамқорлық» сөзіне түсінік беру.
«Қамқорлық» - қорғау, күту, су, тамақ беру, ұя жасау.
Құстарға қамқорлық, әжеге қамқорлық, балаға қамқорлық, табиғатқа қамқорлық жасау
Сұрақтар қою арқылы мәтін мазмұнын болжату

  • Қандай құстарды білесіңдер?

  • Құстардың қандай пайдасы бар?

  • Құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?

Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді 2 рет тыңдайды және мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырады.
Тыңдалым мәтіні
Тоғайда әртүрлі құстар бар. Құстар жанды табиғатқа жатады. Құстар табиғатты қорғайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Олар құстарға ұя жасайды, жем береді. 1 сәуір – құстарды қорғау күні.
Керекті сөздер: не? нелер? кім? қандай? нені?
Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырады.

  • Сұрақтарды сөйлемде дұрыс қолданады.

  • Суреттердің ретін анықтайды.

Сөйлемдер:

  1. Тоғайда ... бар?

  2. Құстар ... табиғатқа жатады?

  3. Құстар ... қорғайды?

  4. Құстарды ... қорғайды?

  5. 1 сәуір ... күн?

Әр оқушы өз бетінше орындап болған соң, бірнеше оқушы жауаптарын оқиды (бір сөйлемнен), қалғандары өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   258




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет