Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8
Демалу мәдениеті. Мерекелер
Күні:
Сынып: 3
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Біздің мерке
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіннің түйінді тұсын түсіну
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіннің түйінді тұсын түсінеді.
Көптеген оқушылар: жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіннің түйінді тұсын түсінеді.
Кейбір оқушылар:жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіннің түйінді тұсын толықтай түсінеді.
|
Бағалау критерийлері
|
Шағын мәтіндегі негізгі ақпаратты түсінеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
туған күн, дайындалу, мерекелік дастарқан, әзірлеу / дайындау, тілек, сыйлау, сүйікті, қуаныш, туған күн иесі, туған күн кеші
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация
|
Бастапқы білім
|
Мерекелер .
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
|
(Ұ)Қызығушылықты ояту. «Шаттық шеңбері». Оқушылар бір-біріне жылы тілектерін айтады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
|
|
Сабақтың ортасы
7 мин
7мин
7 мин
3 мин
10 мин
|
(Т) Миға шабуыл. Оқушылар берілген сөзге қатысты ұғымдарды жазады. Жазғандарымен бөлісіп, толықтырады.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, тақырыптың «бастау нүктесін» айқындау.
(Ұ) Сөз сыры. Оқылым алды жұмыс. Оқушыларды сөздерді оқып, мәтіннің не туралы болатынын болжайды.
туған күн
дайындалу
мерекелік дастарқан
әзірлеу / дайындау
тілек
сыйлау
сүйікті
қуаныш
туған күн иесі
туған күн кеші
(Ө,Т) «Оқы, біл». Оқылым. Оқушылар берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар қиындық деңгейін сай сараланған. Қай деңгейді таңдайтынын оқушының өзі шешеді. Таңдаған деңгейлеріне сай топтраға бірігіп, жасаған жұмыстарын тексереді.
Ертең менің кішкентай сіңлімнің туған күні. Біз отбасымызбен сыйлықтар, мерекелік дастархан туралы ойландық. Әкем мен анам сіңліме әдемі ақ көйлек сатып алды, ал ағам екеуміз үлкен, жұмсақ қонжық алдық. Мерекелік дастарханға сіңлімнің сүйікті тағамдарын, тәттілерін әзірледік. Туған күнге ата-әжеміз, барлық туыстарымыз келді. Олар сіңліме жақсы тілектерін айтты. Туған күн кеші өте тамаша өтті. Сіңлім өте қуанышты болды.
І деңгей
Туған күнге қандай дайындықтар жасалды?
|
|
Туған күнде қандай сыйлықтар берілді?
|
|
Туған күнге қандай қонақтар келді?
|
|
ІІ деңгей
Кімнің туған күні болды?
|
|
Туған күн иесіне қандай сыйлықтар берілді?
|
|
Туған күнге кімдер келді?
|
|
Мерекелік дастарханға не әзірленді?
|
|
Кері байланыс. «Полюстер» арқылы кері байланыс жасайды.
(Ж) «Жұлдызды сәт!»Оқылымнан кейінгі тапсырма.Оқушылар мәтін негізінде «Туған күн кеші» тақырыбында шағын жұмыс әзірлейді. Жұмысында берілген мәселелерді қамтиды.
туған күнге дайындық
сыйлықтар
туған күнге келген қонақтар
туған күн кеші
Дескриптор:
тақырыпты ашады;
барлық мәселелерді қамтиды;
сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтады.
|
|
Сабақтың соңы
3 мин
|
«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.
Бүгін менің қолымнан ..........................келді.
Маған ................................қиын болды.
Мен өзіме ........................деп ескерту айтамын.
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?
|
Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?
|
Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы
|
|
|
|
|