Сабақтыңортасы
(30 мин)
Жаңа сөздерді меңгерту: қоқыс, оңай, қиын.
1. Осы сөздердің мағыналарын суреттер, синонимдері арқылы түсіндіру.
Оңай – жеңіл, қиын – күрделі, қоқыс (суреті көрсетіледі) – қоқсық, қоқыр-соқыр
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- сөздерді мәнерлеп оқып беру;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды, қайталайды, тізбекпен оқиды;
- дұрыс айтады: қиын – қыйын.
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:
Қоқыс құбыры, оңай есеп,қиын жұмыс.
4. Сөйлемдер құрастыру.
Біздің үйде қоқыс құбыры бар. Мен оңай есептерді шығардым. Әкем қиын жұмыс атқарады.
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
(Ө) Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды. Мәтінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Алдын-ала дескриптормен танысады.Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.
Дескриптор:
1. Жаңа сөздерді айтады
2. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
3. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
Кері байланыс
Тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды?
(Т) Оқылым алды тапсырмасы. Оқушылар «Пазл» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді.
«Бастапқы танысу» әдісі бойынша мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырып бойыншаассоциация жүргізіледі, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.
Оқылым кезіндегі тапсырма
(Т)Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Не туралы оқығандарын топта талқылайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
1. Анасы Қадишаға не деді?
2. Қадиша қалай жауап берді?
3. Қадиша қандай қателік жіберді?
4. Сен Қадишаның орнында болсаң, не істер едің?
5. Қадиша – қандай қыз?
6. Автор не айтқысы келді?
Кері байланыс: Оқушылардыңжауаптарынмұқияттыңдау,мадақтау. Қысқажауаптардыдақабылдау.Жауапберугеталпынысжасағаноқушығақолдау көрсету.
Сергіту сәті
Күннің шыққаны жақсы ма? (Күнді бейнелейді)
Жақсы! (Алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (Желді бейнелейді)
Жақсы! (Алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (Адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (Өздерін құшақтайды)
Жақсы! (Алақандарын соғады)
Достарыңызбен бөлісу: |