(Ж) Айтылым. «Кім жылдам?» ойыны. Тапсырманы орындауға 1 минут беру. Кестеден мағыналары қарама- қарсы сөздерді жылдам тапқан жұп жеңімпаз болады.
жанды
өзгереді
аң
тәтті
өседі
жатпайды
суық
қара
өзгермейді
өспейді
салқын
кіші
жатады
жансыз
үлкен
жылы
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөйлем құрап айтады.
(МК, Ұ) Жазылым. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолын таныстырылымнан көрсету.
Жай сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құс жанды табиғатқа жатады.
Құс жанды табиғатқа жатады, себебі ол тыныс алады.
Тас жансыз табиғатқа жатады.
Тас жансыз табиғатқа жатады, өйткені ол тыныс алмайды, өспейді.
Суретке қарап, қайсысы жанды табиғатқа, қайсысы жансыз табиғатқа жататынын анықтайды. Үлгі бойынша сөйлем құрап айтады/жазады.
«Бас бармақ» әдісі немесе комментарий айту арқылы бағалау(мұғалімнің бағалауы)
Сабақтың соңы
Үйге тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жазады.
Керекті сөздер: табиғатқа, Ай, өсімдіктер, өседі, жанды, өзгермейді 1.Адамдар, жануарлар, құстар ... табиғатқа жатады. 2. ... жанды табиғатқа жатады. 3. Жансыз ... су, тас, тау, Күн жатады. 4... қандай табиғатқа жатады? 5.Жанды табиғат өзгереді, ... . 6.Ал жансыз табиғат ... .
Рефлексия Сұрақтарым көп. Белсенді бола алмадым.