Тыңдалымалды тапсырма.
Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою:
«Табиғат» деген не?
Табиғатты қорғау керек пе?Неге?
Сен табиғатты қалай қорғайсың?
(Ө) Тыңдалым мәтіні
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтін бойынша сұрақтар тақтаға алдын-ала жазылады. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды.
Әлібек кіммен сөйлесті?
Олар не туралы сөйлесті?
«Табиғат» деген не?
Табиғат қандай болады?
Содан кейін мәтін бойынша төрт сұрақты жеке қағаздарға жазып, қоржынға немесе сандықшаға салу. Төрт оқушы қоржыннан сұрақ алып, сол сұраққа жауап береді. Қалған оқушылар дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
(Ж) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Айтылым.
Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.
Тірек сөздер:
Әлібек, ата, сөйлесті, табиғат, жанды, қоршаған орта, жансыз
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бірінші жұп екінші жұпқа, екінші жұп бірінші жұпқа әңгімелейді. Үшінші жұп төртінші жұпқа, төртінші жұп үшінші жұпқа әңгімелейді.
Жұптар дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады.
Тірек сөздерді дұрыс қолданады.
Сөйлем құрылымын сақтайды.
Кері байланыс
Сергіту сәті. «Айна“
Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді.
(Т) Оқылым. Мәтінді топта бірлесіп оқиды. Оқып болған соң, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Топтар барынша бір-біріне көбірек сұрақтар қоюлары керек.
«Жаңбыр сұрақтар» әдісі бойынша әр сұрақты жеке-жеке кішкентай қағазға жазып, екінші топқа лақтырады. Қарсы топ өз сұрақтарын лақтырады. Топтар бір-біріне сұрақтарына жауап береді.
Оқылым мәтіні
Табиғат жанды және жансыз болады. Жанды табиғатқа адамдар, жануарлар, құстар, өсімдіктер жатады. Жансыз табиғатқа су, тас, тау, Күн, Ай жатады. Жанды табиғат өседі, өзгереді. Ал жансыз табиғат өзгермейді.
Топтар жауаптарын комментарий айту арқылы бағалайды («өте тамаша», «толық жауап берді», «барлық сұрақтарға жауап берді», «нақты жауап бермеді», «тек жартысына жауап берді»)
Достарыңызбен бөлісу: |