Сабақтың тақырыбы: Күз келді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет4/258
Дата12.12.2023
өлшемі32,03 Mb.
#196521
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ барлыгы

(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру.
«Сынып» сөзіне «-тас» қосымшасын жалғағанда, сөздің мағынасының өзгергендігін, жаңа сөз пайда болғандығын түсіндіру. Ал «-ым» қосымшасының меншілікті көрсетіп тұрғандығын айту.

Менің сынып+тас+ым

Менің сынып+тас+тар+ым

Сенің сынып+тас+ың

Сенің сынып+тас+тар+ың

Оның сынып+тас+ы

Оның сынып+тас+тар+ы

Оқушылар екі қатарға тұрып, бір сөзді жекеше және көпше түрде айтады.


Менің досым-Менің достарым.
Менің ағам- Менің ағаларым.
Бір-біріне қарсы тұрған оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.
Сұраққа «Иә (жоқ)» деп жауап бере алуды және түс атауларын емес сөзімен қолдануды үйренеді.
-Алма қызыл ма?
-Иә, қызыл.
-Гүл қызыл ма?
-Жоқ, қызыл емес, сары.
. «Есте сақта!» айдарымен берілген кесте бойынша көптік жалғауы қайталанады.
Құс – құстар
Ағаш – ағаштар
Жапырақ – жапырақтар
(Ж) Айтылым. Сурет бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, әр оқушы жұбына бір сөйлемнен айтады. Менің сыныптасым күз мезгілін жақсы көреді/ұнатады.
Сөйлем үлгісі тақтаға жазылады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөйлемді жалғастырып, неліктен жақсы көретінін түсіндіріп айтады.
Менің сыныптасым күз мезгілін жақсы көреді, себебі күзде жемістер піседі.
Әр оқушы, «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.
(Т) Айтылым. Оқушылар 3 топқа бөлініп, «Сабақ басталды» тақырыбы бойынша ауызша мәтін құрастырады. «Ой бұлты» әдісін қолдану.Топқа ақ парақ беріледі. Топ мүшелері бірлесіп, берілген тақырып бойынша сөздер мен сөз орамдарын қағазға түсіреді. Сол сөздер негізінде 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрап айтады.
Топтар жауаптарын дескриптор бойынша бағалайды.
Дескриптор:

  • Тақырып бойынша мәтін құрастырады (4-5 сөйлем).

  • Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданады.

Сөздерді дұрыс байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет