Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы:
Мәтінді оқып, ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтайды.
|
Оқушылардың көпшілігі:
Тірек сөздерге сүйеніп, ғимараттарды сипаттап айтады.
|
Оқушылардың кейбірі:
Ғимараттар туралы диалог құрастырады.
|
Бағалау критерийлері
|
Жаңа сөздердің айтылуын (дыбысталуын) сақтап, оқыған мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастырады.
|
Тілдік мақсат
|
Бәйтерек
|
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
|
Құндылықтарды дарыту
|
Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
PowerPoint таныстырылымы, Activestudio(activeboard) мүмкіндіктерін қолдану
|
Бастапқы білім
|
Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 минут
|
«Балық аулау» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру – 4 минут
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
«Жеод» кинотеатры қайда ораласқан?
Ол қандай ғимарат?
«Жеод» кинотеатрының сәулетшісі кім?
Ғимараттың төбесінде не бар?
Шар-мұнара неден жасалған?
Шар-мұнараның диаметрі неше метр?
Адамдар киотеатрда не істейді?
«Мағынаны таны» стратегиясы бойынша жаңа сабақтың тақырыбын жариялау – 3 минут
Суретке қараңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Бұл қай қала? Ол қандай?
Сендер Астанада болдыңдар ма? Астанада қандай әдемі ғимараттар бар?
Тақырыпты жариялау
Суреттер арқылы топтарға бірігу
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут
|
құрық, «балықтар»
№1 слайд
//
сурет
№2 слайд
|
Сабақтың ортасы 25 минут
8 минут
8 минут
9 минут
|
Есте сақта!
Бәйтерек – өте үлкен және биік ағаш.
«Бәйтерек» монументі – Астана қаласының символы.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, ақпараттарды тексеріңдер.
Астана – үлкен қала. Астанада әдемі ғимараттар көп.
Астана қаласының символы – «Бәйтерек» монументі. «Бәйтеректің» биіктігі – 97 метр. «Бәйтерек» монументі бәйтерек ағашқа ұқсайды.
Астанада «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығы бар. «Ханшатырда» аттракциондар, бассейн, дүкендер бар.
ақпараттар
|
дұрыс
|
дұрыс емес
|
Астана – үлкен қала.
|
+
|
|
Астанада әдемі ғимараттар жоқ.
|
|
|
«Бәйтерек» монументі – Алматы қаласының символы.
|
|
|
«Бәйтеректің» биіктігі – 97 метр.
|
|
|
«Бәйтерек» монументі глобусқа ұқсайды.
|
|
|
«Ханшатыр» сауда және ойн-сауық орталығы Астанада орналасқан.
|
|
|
«Ханшатырда» аттракциондар жоқ.
|
|
|
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.
2-тапсырма. Суреттерге қараңдар. Тірек сөздерге сүйеніп, ғимараттар туралы айтыңдар.
1-топ: «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығы
орналасқан, сауда және ойын-сауық орталығы, сәулетшісі – Норман Фостер, ғимараттың қабырғасы темірден, ғимараттың шатыры шыныдан, ғимараттың шатыры – 150 метр, тропикалық бақтар, гүлзарлар, бассейн, субұрқақ бар.
|
|
2-топ: «Бәйтерек» монументі
ораласқан, Астана қаласының символы, сәулетшілері – А.Рүстембеков, С.Базарбаев, Ж.Айтбалаев, қабырғасы темірден, «Бәйтеректің» биіктігі – 97 метр, «Бәйтеректің» төбесінде, үлкен шар, шыныдан, дәмхана, «Аялы алақан» композициясы бар.
|
|
Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі.
3-тапсырма. Ғимараттар туралы диалог құрастырыңдар.
1-топ «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық кешені туралы 4 сұрақ дайындайды.
2-топ «Бәйтерек» монументі туралы 4 сұрақ дайындайды.
Бағалау дескриптор арқылы жүргізіледі.
Дескриптор:
Ғимарат туралы сұрақтар құрастырды.
Сұрақтарға дұрыс жауап берді.
|
№3 слайд
№4 слайд
//
үлестірмелі қағаздар
№5 слайд
//
үлестірмелі қағаздар
суреттер + №5 слайд
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Рефлексия:
«Стикерлі вагондар»
1-вагон:
Мен ғимараттарды сипаттап айтамын, диалогке қатысамын.
|
2-вагон:
Мен ғимараттарды сипаттап айтуда, диалогк қатысуда қиналамын.
|
3-вагон:
Маған көмек керек.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |