Сабақ:Қазақ тілі
|
Мектеп: «Сенім»
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:Бақтығали Г.Е.
|
Сынып:6-сынып
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Лексикалық тақырып:Қазақстандағы кітапханалар.
Грамматикалық тақырып:Күшейткіш үстеу.
|
Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.Ж6 мəтіндегі орфографиялық жəне пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау
6.ӘТН4 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы орындай алады:Мəтіндегі орфографиялық жəне пунктуациялық қателерді табады.Оқылған мәтіндегі үстеуді табады,мағыналық түрлеріне ажыратады.
|
Бағалау критерийі
|
Мəтіндегі қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді
Үстедің жасалу жолына қарай ажырата алады.
Синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:Мәтіннен орфографиялық жəне пунктуациялық қателерді анықтай алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Жеке кітапхана,Ғылыми кітапхана,магистрант,оқырман,кітапхананы автоматтандыру.
|
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:Ғылыми кітапхана,сауыты,Автоматтандыруәлемдегі және еліміздегі кітапхана.
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Біздің елімізде қандай кітапханалар бар?
-Балаларға арналған кітапханаларға бардың ба?
-Үстеудің мағыналық түрлерін білеміз бе?
|
Құндылықтарға баулу
|
Қазақстандық патриотизм,ынтымақтастық,азаматтық жауапкершілік,сын тұрғысынан ойлау.
|
Пәнаралық байланыс
|
География.
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Үстеу және мағыналық түрлерін біледі.Пунктуация мен орфография жайлы біледі.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 минут
3минут
Сабақтың ортасы
12минут
7минут
6минут
Сабақтың соңы
4 минут
5 минут
|
І.1.Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңберін» құру.
Бір-бірлеп өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып өту.
Әр түрлі бейнедегі кеме суреттерін үлестіру.
2.Кемелерге билет алу арқылы суреттегі кемеге байланысты үш топқа бірігу.
3.Қызығушылығын ояту. «Сұрақтар жаңбыры» әдісі бойынша сұрақтар қою.
1. Біздің елімізде қандай кітапханалар бар?
2.Кітапханаға барып оқырман ретінде тіркелдің бе?
3.Жеке кітапханаң бар ма?
4.Топтау деген не жіне сұрақтары қандай.
ҚБ. «Мадақтау» әдісі.
Лексикалық тақырып:Қазақстандағы кітапханалар. Грамматикалық тақырып:Күшейткіш үстеуі. Оқу мақсатымен,бағалау критерийімен таныстырамын.
І.Топтық жұмыс. «Топтық зерттеу» әдісі.Аудиотаспадан мәтінді тыңдату.
5-тапсырма.Мәтінді тыңдап,сұрақтарға жауап бер.
1.Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
2.Қазақстанда тағы қандай шағын кітап бар еді? Екеуін салыстыр.
3.Кітаптардың кішкентай болу себебі неде?
Оқушылар топта осы үш сұрақ төңірегінде талдау жасап,қорғап шығады.
Дескриптор:
-Мәтінді түсініп тыңдайды.
-Мәтіннен қажетті мәліметтерді алады.
ҚБ. Дескриптормен бағалау. Мұғалімнің бағалауы.
Бұлақ-жақсы, дегенмен әлі де талпыну керек,
Өзен-жақсы, көл-өте жақсы
Жұптық жұмыс. «Серіктесіңнен сұра» әдісі.
8-тапсырма.Төмендегі мәтінді оқы.Орфографиялық,пунктуациялық қателерді анықтап,түзетіп жаз.
ҚБ.«Балық түрлері арқылы бағалау». Жұптар бірін- бірі бағалайды
Сөйлемдердегі_күшейткіш_үстеулерді_теріп_жаз.'>Жеке жұмыс. «Ізденіп тап» әдісі.9-тапсырма. Сөйлемдердегі күшейткіш үстеулерді теріп жаз.
Сөйлемдер
|
Күшейткіш үстеу
|
Үйдегілердің бәрі:апам, Айна,інім маған ылғи қамқорлығын көрсетіп жүреді.
|
|
Ол ойланып барып былай дедеі: «Биыл тым асығыстау емес пе?Келесі жылы барайық».
|
|
Адамға ең ыстық туған жер ғой,шіркін!
|
|
Сол жылы қызылшадан өте көп өнім алдық.
|
|
Жарықтық өзі әбден титықтап шаршаған екен.
|
|
Тіпті маған мойнын бұрар емес,қатты өкпелепті.
|
|
Дескриптор:
1.Күшейткіш үстеулерді таба алады.
2.Уақытты тиімді пайдаланады.
ҚБ. Өзін өзі бағалау баспалдағы.
Кері байланыс. «Төрт сөйлем» әдісін пайдалана отырып,сабақ бойынша түсінгеніңді жаз.
Пікір. Тыңдалған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз рікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып,бір мысал жаз.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
Рефлексия«Білім теңізі».
«Білім теңізіне» қайықтарыңды жіберіңдер.
Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар өз қайықтарын «Білім теңізіне», ал өз біліміне сенімсіз оқушылар «Ереже шығанағында» қалады.
Үйге тапсырма: «Мен оқыған кітап» тақырыбында шағын мәтін жаз.
|
Билет алу арқылы үш топқа біріктіру.
Интербелсенді тақта
Оқулық.
6-сынып
«Мен оқыған кітап»
|