Әр оқушының танымдық қабілетіне байланысты «Қос жазба күнделігі», «Фишбоун», «Қос диаграмма»
әдістерін таңдадым.
Қабілеті жоғары оқушылар шығармадағы көркемдегіш құралдарды тауып талдайды, білімдерін шығармашылық тұрғыда қолданады, проблемаларды шешеді, өз көзқарастарын дәлелдейді.
.
|
Әр тапсырмаға дескриптор құрамын. Оқушылардан кері байланыс алу арқылы білімдерін толықтырып отырамын. Оқушыларға смайликтер,жұлдызшалар беру арқылы мадақтаулар айтып, «Бағдаршам» әдісі арқылы өздеріне бір-бірін бағалату арқылы олардың әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттырамын.
|
Бүгінгі сабақта әдеби шығарманы Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырдым, себебі қазақтың ақыны Ш.Қанайұлы өмірде болған және қазақ елінің басына түскен ауыр күнді жанайқайымен жырлаған.
|