Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:
Линзалар. Линзалардағы кескіндерді салу.
|
Пәні: физика
|
Күні: 05.05.14.
|
Мұғалімнің аты – жөні:Ергалиева Г.Т.
|
Сыныбы: 8
|
Қатысқандар саны: 11-
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға линзаның және оның қолданылуының жалпы мағынасын ашу. Линзаның формулаларын қарастыру.Линзаның түрлерімен танысу.Жұқа линзадан кескін алуды үйрену
|
Сабақтың міндеттері
|
Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Практикалық білім беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
|
Тілдік мақсаты
|
Сабақ жадығатын талдау барысында оқушылардың монологтық және диалогтық сөйлеу мәдениетін дамытуға күш салу, топтық жұмыстар кезінде өзгенің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу машығын дамытуға жағдай жасау;
|
Өткен сабақ материалдары
|
Оптика,жарық құбылыстары,жарықтың түзу сызықты таралу заңы,шағылу,сыну заңдары,дисперсия
|
Жоспар
|
Уақытты жоспарлау
|
Сабақ барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды даярлау
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Ұйымдастыру:
|
|
Негізгі бөлігі
10 мин
|
Алғаш рет линзалар туралы мәліметтерді ежелгі гректердің “Бұлттар” атты пьесасында табуға болады, пьесада шыны мен күннің жарығы арқылы от алынады.
Үлкен Плинийдің еңбектеріне қарасақ, отты жандырудың тәсілі бірінші рет Рим империясында пайда болды деп айтылады, мысалға линзаны бірінші рет көзге байланысты Римде, гладиаторлар ұрысында қолданылды деген ойлар бар, өйткені олар алыстан көре алмаған кезде изумруд қолданған, изумруд линзаның ролін атқарды.
Рим философы Луций Сенека линзаны үлкейтетін эффектісі бар, суға толы шыны шар деп сипаттады.
Араб математикіАльхазен (965-1038жж.), оптикаға байланысты алғашқы және өте маңызды трактатында, көздiң көз жанарысы қалай торлылықта суреттi құратынын сипаттады. Линзалар Италияда 1280-ші жылдары көзілдіріктің шығуының арқасында, кең қолданылысқа ие болды
Линза деп – екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір денені айтамыз. Олар шашыратқыш және жинағыш болып екіге бөлінеді. Егер бас оптикалық оське параллель жарық сәулелерін түсірсек линзаның бас F фокусында жиналады.Бұл нүкте линзаның бас оптикалық осінде жатады.Линзаның екі жағында орналасқан екі бас фокусы бар.Линзаның фокустық жазықтығы деп линзаның бас фокусы арқылы линзаның бас осіне перпендикуляр жүргізілген жазықтықты айтады.Линзада фокустық жазықтық екеу, ал қосымша окустар жазықтығы шексіз. Жинағыш линзаны «↨», ал шашыратқыш линзаны «|» белгілеу енгізілген.
Жұқа линзаның формуласы:
(1)
Енді осы өрнекті түрлендірейік, себебі ҰБТ көбінесе осы өрнектер арқылы есептейміз.
1 өрнектен f- линзадан нәрсеге дейінгі қашықтықты табайық:
Ал d- ны тапсақ:
Ал енді линзаның бас фокусын есептейтін формула:
Линзаларда кескін салу:Бас оптикалық оське параллель сәулелер линзадан сынғаннан кейін оның фокусы арқылы өтеді.
Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле сынбайды
Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді
Қос дөңес (1)
Жазық дөңес (2)
Ойыс дөңес (3)
|
Керекті құрал-жабдықтар: жарық көзі, галоген, бір/ екі саңылауы бар диафрагма, жарты шеңбер призма, оптикалық диск, ток көзі, бұрыштардың синустық мәнін көрсететін кесте
|
Қорытындылау
10мин
|
а) Блиц-турнир
Линза дегеніміз не? Түрлерін ата?
Линзада кескінді қалай саламыз?
Жұқа линза формуласын жаз?
Линзаның оптикалық күші дегеніміз не?
Линзаның ұлғайтуы дегеніміз не?
Б)Эксперименттік тапсырма:
Топтық жұмыс
Жинағыш линзаның фокус аралығын анықтау
В)Тест тапсырмалары
Г)Линзада кескін алу –Жеке жұмыс
|
Керекті құрал-жабдықтар: жарық көзі, галоген, , ток көзі, жинағыш линза,сызғыш,экран
|
Үй тапсырмасы
|
§ 70-71,31-жат тығу
|
|
Қосымша мәліметтер
|
Дифференциация –қосымша көмекті қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз?
|
Бағалау –оқушылардың
білімін қалай тексересіз
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтау
ИКТ –ні қолдану
|
Барлық оқушылар:
Оқушылардың көпшілігіКейбір оқушылар
|
Бақылау, қалыптасты
рушы бағалау
|
|
Рефлексия (3 мин)
|
Ойталқы:
Сабақтың мақсаты жүзеге асты ма?
Бүгін оқушылар нені меңгерді?
Сыныптың көңіл-күйі қандай болды?
Сабақтың құрылымы уақытқа сыйды ма?
Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма?
|
Қорытынды бағалау (2 мин )
Жалпы бағалау:
Сабақтың қай екі кезеңі сәтті өтті?
1:
2:
Қандай екі жағдай сабақты жақсартар еді?
1:
Келесі сабаққа дайындық үшін сыныпты және жекелеген оқушыларды қаншалықты тани алдым?
Үйге тапсырма., №
|
Тест сұрақтары
Линзаның фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан соң қалай жүреді?
А) сынбай
В)бас оптикалық оське параллель
С) линзаның басқа фокусы арқылы
Д)анықталмайды
Е)Жауаптар арасында дұрысы жоқ
Оптикалық оське параллель болатын сәуле жинағыш линзадан өткен соң қалай жүреді?
А) линзаның бас фокусы арқылы
В) сынбай
С) екі фокус аралығындай қашықтықтағы нүкте арқылы
Д)анықталмайды
Е)Жауаптар арасында дұрысы жоқ
Шашыратқыш линза беретін кескін қандай?
А) тек нақты кескін
В) денеге дейінгі қашықтыққа байланысты нақты не жалған кескін
С) тек жалған кескін
Д)қоршаған ортаға байланысты нақты не жалған кескін
Е)Жауаптар арасында дұрысы жоқ
Фокус аралығы 20 см шашыратқыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні нешеге тең?
А) 0,2 дптр
В) 20 дптр
С) 5 дптр
Д) 0,05 дптр
Е) 2 дптр
Линзаның оптикалық күші 2 дптр. Линзаның фокус аралығы неге тең?
А) 0,5 см
В) 2 см
С) 20см
Д) 2 м
Е) 0,5м
Жауап кілттері:
Достарыңызбен бөлісу: |