Мақсаты:оқу мақсаттарына жеткендігін немесе ілгерілеуінің деңгейін қадағалау 3-тапсырма. "Қызықты карта": Мұғалім оқушыларға атластарын ашып, жер қыртысында таралған элементтерді сонымен қатар тау жыныстары мен минералдарды қарастыруды ұсынады. Оқушылар оны топта талқылайды, осы арқылы қолдану дағдылары қалыптасады.
Мақсаты:Бағдарламаға сәйкес географиялық номенклатура мен нақты картографиялық түсініктерді білу арқылы картамен жұмыс барысында өз білімдерін қолданады.
Бағалау: “Белгілер” әдісі Топтық бағалау
Мақсаты: оқудағы қиындықтарды анықтау арқылы кері байланыс орнату
4-тапсырма. Саралап оқыту тәсілі. Оқушылардың қабілеттеріне қарай тапсырма үсыну.
Барлық оқушылар –“Жердің ішкі құрылысы” және “Жердің сыртқы қабықтарын” ажырата алады.
Көпшілігі– Жер қыртысының түрлерін анықтай алады ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындайды.
Кейбір оқушылар – Жер қыртысының заттық құрамының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелей алады, оны түсіндіреді және картадан таралу ерекшеліктерін көрсетеді.
Мақсаты:оқушылардың топта жұмыс жасай алу және жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып тапсырма құрастырамын Бағалау: