1-тапсырма. Топтық жұмыс. "Айналмалы бекеттер" әдісі.
Берілген тапсырмада оқушылардың білу және түсіну дағдыларын қалыптастырады.
Мақсаты: оқушылардың өзгелердің идеясына сүйеніп, мәселені толығымен қамтуын көздейді, сондай-ақ олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын талап етеді, осы орайда іс-әрекеттік тәсіл жүзеге асады.
Бағалау: “Бағдаршам” әдісі. Топтық бағалау
Мақсаты: жаңа тақырыпты түсіну деңгейін анықтау.
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Венн диаграммасы
Мұхиттық және материктік жер қыртысының ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтаңыз.
Мұхиттық жер Ұқсастықтары Материктік жер
қыртысы қыртысы
Бұл жұмыста оқушылар мұхиттық жер қыртысы мен материктік жер қыртысының ортақ ұқсастықтарын анықтайды. Алдыңғы тапсырмада жұмыс жасаған білімдерін қолдана алады. Жазылым дағдысы жүзеге асады.
Мақсаты: Кейбір оқушылардың жеке психикалық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп,оқу үдерісін дараландыру мақсатында тұлғаға бағдарланған тәсілді қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |