Сабақтың тақырыбы «Логика» тақырыбына практикум Сілтеме 8- сынып информатика, жоспар



бет2/2
Дата21.05.2022
өлшемі201,33 Kb.
#144249
түріСабақ
1   2
Байланысты:
000642ae-61f1c458

Бағалау «Бағдаршам»
Жаңа сабақ
1-тапсырма: Логикалық сұрақтар
Топтарға карточкалар таратылады. Карточкадағы логикалық сұрақтарға жауап береді
«Логика» тобы:

  1. Бұл автобус қандай бағытпен кетіп бара жатыр? Оң жақпен немесе сол жақпен?

Автобус сол бағытпен жүріп бара жатыр. Себебі, оң жақпен жүргенде есігі көрінетін еді.

  1. Үш страус ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып түсірді. Олардың қаншасы қалды?

Страус ұшпайды

  1. Үсте үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакандағы шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

3 стакан
«Пікір» тобы:

  1. Бір жұмыртқа 3 мину қайнайды. 4 жұмыртқа неше минут қайнайды?

3 минут.

  1. Астанада Алматыға бет алған ұшақ екі қаланың арасын 1,5 сағатта ұшып өтті. Ал дәл осы бағытта кері ұшқанда небәрі 90 минут қажет етті. Неге?

1,5 сағат=90 минут

  1. Бөлмеде әр бұрышта 1 мысықтан және оған қарама – қарсы 3 мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

4 мысық.


«Смайлик» - бағалау
Оқушылардан смайлик арқылы бағалау сұралады


2-тапсырма: Ақиқаттық кестелер
Топтарға карточкалар таратылады. Карточкадағы логикалық есептерге ақиқат кесетелерін құрады. Жауап дұрыс болғанда интерактивті тақтаға жазады
«Логика» тобы:
Серік, Берік, Арман және Дәулет «Қазақша күрес» жарысында алдыңғы төрт орынды алды. Кім қандай орынды алды сұрағына үшеуі: «Серік бірінші де, соңғы да емес», «Берік – екінші», «Арман соңғы емес» - деп жауап берді. Барлығының да шындықты айтқаны белгілі. Кім, қандай орыналды?

Орындар

Серік

Берік

Арман

Дәулет

1-орын

-

-

+

-

2-орын

-

+

-

-

3-орын

+

-

-

-

4-орын

-

-

-

+

«Пікір» тобы
Мектеп бітіру кешінде Нағима қызыл көйлек киді. Розаның киген көйлегі қара да, көк те, көгілдір де емес. Айгүлдің ақ та, көк те көйлегі бар. Зәуренің екі көйлегі бар қара және көк. Баянның барлық аталған түсті көйлектері бар. Егер қоштасу кешіне қыздардың әрқайсысы әр түсті көйлек киіп келген болса, қайсысының қандай көйлек киіп келгенін аңықта.




Қызыл

Қара

Көк

Көгілдір

Ақ

Нағима

+

-

-

-

-

Роза

-

-

-

-

+

Зәуре

-

+

-

-

-

Айгүл

-

-

+

-

-

Баян

-

-

-

+

-



«Бас бармақ» - бағалау
Оқушылардан бас бармақ арқылы бағалау сұралады


3-тапсырма: Ақиқаттық кестелер
Бұл тапсырма 2 нұсқада дайындалады. Әр оқу жеке-жек орындайды. Шығарып болған соң жұбына береді, жұбы оны тексереді.
1-нұсқа


2-нұсқа




Жұптардағы өзара бағалау. Бағалау парақшалары.

Аты-жөні


Өте жақсы


Жақсы


Жаман



























Бекіту сұрақтары.

  1. Логикалық көбейту амалы қалай орындалады?

  2. Логикалық қосу амалы қалай орындалады?

  3. Логикалық терістеу амалы қалай орындалады?

  4. Логикалық көбейту амалы қалай аталады?

  5. Логикалық қосу амалы қалай аталады?

  6. Логикалық терістеу амалы қалай аталады?



Рефлексия. «Блоб ағашы» арқылы сабақта қаншалықты меңгергенін көрсету.



Кейінгі тапсырма. «Логика» тақырыбына қысқаша эссе жазып келу.

Оқушылар сынып ережесін қайталады.

Оқушылар топтарға бөлінеді


Оқушылар жеке-жеке тест сұрақтарына жауап береді

Оқушылар жеке-жеке ЛОТО сұрақтарына жауап береді

Оқушылар өздерінің үй тапсырмасын меңгеру деңгейін «Бағдаршам» арқылы бағалайды


Оқушылар тапсырмалар орындау арқылы логикалық пайымдауларын дамытады

Оқушылар қарсы топты «Смайлик» арқылы бағалайды

Оқушылар қарсы топты «Бас бармақ» арқылы бағалайды

Есептерді орындарында отырып шығарады


Оқушылар өз жұптарының жұмыстарын парақшалар арқылы бағалайды


Оқушылар қаншалықты игергеніне байланысты жауап береді




РЕФЛЕКСИЯ
6 сыныпқа информатика пәні бойынша «Алгоритм және оның атқарушылары» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Ондағы мақсатым мектеп мұғалімдеріне сабақта жаңа әдіс - тәсілді қолдана отырып сабақта 7 модульді кіріктіру. Сабақты оқушыларды жыл мезгілдері суреттеріне байланысты, топқа бөлуден бастадым. Содан оқушылар үй тапсырмасын компьютерде тест тапсыру арқылы орындап, «Конверт» әдісі арқылы бекітті.
Жаңа сабақ Электрондық оқулықтағы Алгоритм бөлімі Netop School программасы арқылы көрсетілді. Презентация арқылы Алгоритм ұғымының шығу тарихы таныстырылды, Алгоритм түрлері көрсетіліп, мысалдармен бекітілді
«Ойлан. Бірік. Бөліс» тәсілі арқылы топтағы оқушылар электрондық оқулықта көргендерін және оқулықтан оқығандарын бірлесіп постерге түсірді және оны қорғады және «Смайлик» арқылы өзара бағаланды. Топтың оқушылары да біріге ұйымшылдықпен жұмыс жүргізді.
Содан 1 - топтан Айбек пен Нұрай постерді қорғады. Бұл топтың оқушылары драманың мазмұнын ағаш бәйтеректің әр бұтағына жазған да ағаштың діңгегіне қойған. Топ оқушыларының ішінде постерді Айбек тамаша қорғап, топтың толық жұмысын көрсете білді.
2 - топ соңғы тарау бойынша постер жасаған. Қорғау өте сәтті шықты, Батыржан мен Мерейпостер қорғауда өте белсенді болды.
Сергіту сәтінде NetopSchool арқылы көз жаттығулары жасалады.
Топ оқушылары көз жаттығуларын орындап жатқанда күй ойнатылды.
Жаңа сабақты топ бір - біріне түсіндіруде топтың барлық оқушылары қамтылды, атап айтсам орташа оқитын оқушылар да постер жасау мен суреттеуде қызығушылықтарын білдірді және сабақ жайлы ойларын еркін қорыта алды.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын. Оқушыларды топ лидері бағалап отырды.
Жалпы сабақ өз мақсатына жетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет