Әр топ үшін үш түрлі түсті қарындаш, үш түсті стикер.
Сабақтың ортасы
Оқушыларды 5 баладан топқа бөлу. Әр топқа түрлі түсті қарындашты (қызыл, сары, жасыл) және үш стикер (жасыл, көк, сары) үшеуден тарату. Бұл заттарды топқа біріктіріп жіктету.Әр топта екі заттан болатындай етіп жинақтауды ұсыну. Оқушылардан барлық топта бірге неше нұсқа болғанын сұрау. Жауапты есте сақтауды ескерту. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылардан қандай затты қай топқа біріктіргенін сұрау. Нәтижесін алдын ала дайындаған кестеден көрсету.
ҚАРЫНДАШ СТИКЕР
ҚЫЗЫЛ
САРЫ
ЖАСЫЛ
ЖАСЫЛ
КӨК
САРЫ
Оқушылардан заттардың қанша түрлі тобы шыққанын сұрау. Басында қандай жауап болғанын еске түсіруді ескерту. Неліктен қазір барлық нұсқаларды есептеу жеңіл болғанын сұрау.
Біз заттарды құрамдастыру арқылы барлық комбинацияларды алдық.
Тапсырма. Гүлзарда екі сары, үш қызыл жауқазын гүлдеді. Анасы үш гүлді қиып алды. Олар қандай түсті жауқазын болуы мүмкін?
Алдымен суреттегі жауқазындарға қатысты сұрақтар қою:
Гүлзарда барлығы неше жауқазындар гүлдеді?
Олардың нешеуі қызыл?
Сары түсті қанша?
Анасы неше гүл қиып алды?
Оқушыларға жұптасып, барлық комбинацияларды құрастыруды ұсыну.
Олардан неше комбинациялар шыққанын сұрау. Өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беру. Құрған әр комбинацияларын түсіндіруді сұрау.
(Т) Материалды бекіту мақсатында оқулықтағы «Шығарып көр» тапсырмасын орындату.
Топтарға есепті шешудің қандай тәсілін таңдайтынын айтқызу. Тәжірибе түрінде көрсету арқылы ма, сызбасын салу әлде талқылау арқыл ма? Жұмысты орындауға уақыт беру. Топтарға қолдау көрсету. Әрбір топқа өз шешімін айтуға мүмкіндік беру.
«Орындап көр»тапсырмасын жұптар арасында сөзді кім тез құрай алатынына жарыс ұйымдастыру. Сөзді тез құрауға не көмектескенін сұрау (цифрлар комбинациялары).
Бірінші комбинацияны қарастыру. Қалған комбинацияларды өздігінен құрастырып, суретін салуды сұрау. Тексеруді ұйымдастыру: бір оқушы комбинацияны атайды. Басқа оқушлар осы комбинация оларда бар болса, дәптерде «+» белгісін қояды. Оқушылардан қанша комбинация шыққанын сұрау.
Сабақтың соңы
Сабақтың соңында оқушылар материалды қаншалықты түсінгенін бағалау үшін сұрақтар қою:
Әртүрлі заттарды комбинациялау кезінде не шығады?
Барлық комбинациялар құрастыру үшін, нені пайдаланған қолайлы?
РЕФЛЕКСИЯ
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қиналатын оқушылардың қасына барып, жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.
Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы, кері байланыс беру арқылы бағалау.