11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдердің ерекшелігі.
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлттық киімерекшелігімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдері, олардың түрлері және пайдалану ерекшеліктері туралы түсінік беру; жаттығу жұмыстары арқылы сын есімнің түрлерін (сапалық, қатыстық), құрмалас сөйлемді қайталау;
Дамытушылық: оқушылардың ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын , эстетикалық талғамын арттырып, ойын, қиялын дамыту. Алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге, өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихына, ұлттық киімдеріне, салдәстүрі мен өнеріне, тілі мен әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру және оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Пәнарлық байланысы: тарих, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, музыка, эстетика;
Сабақтың көрнекілігі: ИКТ, ұлттық киім үлгілері, слайд-суреттер, тапсырмалар, бағылау парақтары, жобалау жұмыстары.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау-түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, іздендіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
*сабаққа дайындығын психологиялық жағдай арқылы тексеру
*оқушылармен амандасу
*кезекшілік есебі
*жаңа сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру
Білу: қазақ халқының киім түрлері, сын есімнің түрлері, құрмалас сөйлемнің түрлері
Үйрену: ұлттық киімдердің түрлерін ажырату
Тіл дамыту
-Қазір қандай мезгіл?
- Қыста адамдар қандай киім киеді? (жылы, қысқы)
- Киімнің қандай түрлері болады? (қысқы, жазғы, сәнді, салтанатты, ұлттық)
3. Тірек арқылы білімді тексеру
*Терме диктанты
Берілген сөздерден тек қана қазақтың ұлттық киіміне жататын сөздерді теріп жазу
Киім, көйлек, ұлт, қамзол, бөрік, дәстүр, тымақ, салтанат, қалпақ, қазақ, жейде, жаулық.
*грамматикалық тапсырма
Осы жазған сөздермен
1-топ қатыстық сын есімдерді қосып сөз тіркесін жасайды
2-топ сапалық сын есімдерді қосып сын есімдерін жасайды
-Сабақта ұлттық киімдері туралы не білуіміз керек? (ұлттық киімнің ерекшелігін)
4. Жаңа тақырып кезеңі
1-топ – «Ерлер киімі тобы»
2-топ – «Әйелдер киімі» тобы
*сөздік жұмысы
Ішкі – нижняя одежда
Сыртқы – верхняя одежда
Сулық – легкая одежда
Біркиер – праздничная
Сәндік – модная
Салтанат-ғұрып – торжественная
Шекпен – плащ
Төзімді – прочный
Қаһарлы аязы – сильный мороз
Ықшамдап – удобно
*мәтінді мәнерлеп оқып, аудару
1-топ
Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы, сулық, біркиер, сәндік, салтанат-ғұрып киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігілген. Той-думандарға барғанда, жат елге, сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ішкі киімдер: көйлек, желет. Сулық киімдерге шекпен, ал сыртқы киімдерге шапан, кеудеше, тон жатады. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі: көйлек, қамзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі, тағы басқалары жатады.
2-топ
Қазақ халқының киімдері төзімді, ыңғайлы тігіліп, киімдер қарапайым, әсем болған. Мұндай киім киген адамға қыстың қаһарлы аязы, жаздың ыстығы, күздің қара суығы, жауын-шашын ешбір алмаған. Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде Сәбит Мұқанов былай деп жазған: «.....Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрінжүріп-тұруға ықшамдап тіккен». Ұлттық киімдер сәндеп кестеленеді, зергерлікәшекей заттармен әдіптеледі.
5. Мәтін бойынша грамматикалық тапсырма
1-топ
*Мітіннен сын есімдерді теріп жазу, түрлерін ажырату (сапалық, қатыстық)
2-топ
Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, түрлерін ажырату
6. Сергіту сәті
Егер сендер білімді болсаңдар, қолдарынды көтеріндер.
Егер өмірде аяқта тік тұрғыларын келсе, бастарынды шайқандар.
Егер командада қызықты болса, қолдарынды ұстандар.
Егер төрт пен бес алғыларын келсе, ақырындап өз орындарына отырындар
7. Білімдерін шығармашылықпен қолдану
*диалог
-Сәлем, Виктория.
-Сәлем, Дима.
-Вика, сен бүгін әдемі киім киіп алыпсың ғой.
-Иә, мен бүгін қазақтың ұлттық киімінің ерекшелігін көрсеткім келеді. –Дима, сен де бүгін ерекше киім киіп алыпсың ғой.
-Вика, қарашы, біздің ұлттық киіміміз қандай әдемі!
-Дима, сен бұл ұлттық киіммен қандай өнер көрсетесің?
-Мен қазақ халқының қонақжайлық екені туралы өлең айтып беремін.
-Вика, сен қандай өнер көрсетесің?
-Мен қазақша ән айтамын.
-Жақсы, Вика, өнерін өрге жүзсің!
-Рахмет!
8. Сабақтың қорытындысы (рефлексия)
*Синквейн (Бес жолды өлең)
Қазақ ұлттық киімдерінің қандай ерекшеліктері бар?
9. Бақылау және бағалау (өз-өзін бағалау)
Критериялар (белсенді болдым, тапқыр болдым, қате жібердім, толық жауап бермедім, қателестім, барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердім)
10. Үй тапсырмасы: 1-топ-эссе жазу
2-топ – диалог құрастыру
Достарыңызбен бөлісу: |