Сары түсті қағазды ортасынан бүктеп кесеміз де, бір бөлігін тағы екіге бүктейміз. Бүктеу сызығынан қошқармүйіз оюын саламыз. Салған оюды қайшымен қиямыз.
Қайшымен жұмыс істеу ережесін еске түсіріп өтелік.
Өрнекті дайын раманың ортасына орналастырып желімдейміз. Өрнекті қандай дақылмен безендіруге болады? Тары дақылымен өрнектейік.
Жұмыс жасау кезінде ұқыпты бол. Қол сүртетін сүлгіні пайдалан.