Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектері «Қошқармүйіз».
Сабақтың мақсаты: балаларды табиғи материалдармен таныстыра отырып, ою-өрнек үлгісін сәйкес таңдай білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
– табиғи материалдармен жұмыс жасау дағдыларын, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру;
– ою-өрнекті әшекейлеу арқылы көркемдік талғамын дамыту, ой-қиялын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
– қазақтың ұлттық ою-өрнек үлгілерін жасату арқылы эстетикалық тәрбие беру, табиғат байлықтарын бағалауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: дидактикалық материалдар, дәнді дақылдар бейнеленген кестелер, көркем әдебиеттер «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері».
Сабаққа қажетті құралдар: түрлі-түсті қағаз, қатырма қағаз, дәнді дақылдар, қылқалам, жай қарындаш, қайшы, желім, қол сүртетін сүлгі.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу рәсімі:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
II. Жаңа сабақ.
– Балалар, бүгінгі сабағымызды табиғат ғажайыптарынан бастадық. Бүгін табиғи материалдармен жұмыс жасаймыз және біздің шебер досымыз Гноммен саяхат жасаймыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ұлттық ою-өрнектерінің бірі – «Қошқармүйіз». Интерактивті тақтаға назар аударайық :
– Бүгін біз, табиғи материалдармен жұмыс жасаймыз. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері алуан түрлі. Олардың әрқайсысының өз атаулары бар. Қазіргі күні 200-ге жуық түрі белгілі. Мәселен: қошқармүйіз (а), арқармүйіз (ә), бұғымүйіз (г), қосмүйіз (в), құсқанаты (б) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |