Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: М дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:1.М дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге,
сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету.
2. Балаларға М дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік
қорларын байыту, тілдерін дамыту.
3. Бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ–жауап, суретпен жұмыс, ойын.
Көрнекілік:текшелер, әліппе-дәптер, әріптер,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Қуан,шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін
Күліп шықты күн бүгін!
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
2.Өткенді қайталау.
Ой қозғау.
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
3.Жаңа сабақ.
1-тапсырма. Суретпен жұмыс.
-Балалар,суретте нелер бейнеленген?
-Мақта ,моншақ, машина, мысық, маса.
-Бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
-Дұрыс, бүгінгі біз М әрпімен танысамыз.
Мақта, алма, шам сөздерін буынға бөлу, сөздегі орнын анықтау, текшемен белгілеу.
2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
М дыбысы бар сөздерді, буындарды тізбектей оқыту.
3-тапсырма. Жұмбақ шешу.
Кім онда кіреді,
Сол ақылды болады.
(мектеп)
Өзі жап-жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар
Тастамайды жылы үйде
Түкті тонын шұп-шұбар.
(мысық)
Отқа жанбайды
Суға батпайды. (мұз)
Мысық, мереке, мамық сөздерін қатарға бөліп беріп сөйлем құрату.
Дәптермен жұмыс
Мм әрпін жазу.
Сергіту сәт.
4-тапсырма. «Кім шапшаң?»
рал ра
Ма са Май
мыл
сақ
5-тапсырма. Сөз жұмбақ
1.Шағатын жәндік.
2.Банан жейтін жануар.
3.Мақта қыздың досы.
4.Білім ордасы.
5.Мойынға тағатын алқа.
6-тапсырма.«Сыр сандық» ойын.
Шарты: М дыбысы сөздің қай бөлігінде тұр, соған қарап, әрбір сөзді қажетті сандықа сал.
7-тапсырма. «Сөз ойла,тез ойла»
М
М дыбысынан басталатын сөздер айту.
Қорытынды.
-Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
-М дыбысы қандай дыбыс?
-М дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау.
Достарыңызбен бөлісу: |