Мерзімі: 28.11.2014 жыл.
Пәні: әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов «Қыс».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Автормен таныстыру. Оқушыларға қысқы табиғат құбылысы туралы және адамдар мен жануарлар жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Қыс туралы алғашқы білімдерін толықтыра отырып, қысқы даланы көркем сөздер топтамасын жинақтай білуге жағдай жасау.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған жерінің табиғатын сүйе білуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: топпен жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, іздену.
Сабақтың көрнекіліктері: Қыс келбеті суреттері, автор портреті, ойынға қажетті суреттер мен сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеу.
ә) оқу құралдарын тексеру.
Психологиялық дайындық.
Дихан Әбіловтың «Туған тілім» өлеңімен бастаймыз.
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім –анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
«Бәйге» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар өз туған жерлерің туралы айтыңдаршы?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Тәуелсіз.
- Біз тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз?
- 16 желтоқсан
- Табиғатта неше жыл мезгілі бар және қандай?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір бізде қай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс айларын кім атап береді?
- Қыс мезгілінің алғашқы айы?
- Желтоқсан айы.
- Желтоқсан айының алғашқы күні қандай мереке?
- Президенттің сайланған күні.
Ендеше бүгінгі сабақта біз осы жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеміз.
І - топ. Желтоқсан.
ІІ - топ. Қаңтар.
ІІІ - топ. Ақпан.
Біз көктем туады, жаз шығады, ал қыс келеді дейміз. Не себепті қыс келеді дейміз?
- Өйткені тіршілік иелері қыс келеді деп оған дайындалады. Азық жинайды, отын - шөп дайындайды, құстар да дайындалады. Қыс келеді дегенде адамда қорқыныш сезімі пайда болады. Себебі қыс өзінің қатал мінезімен келеді. Ал бір жағынан қуаныш сезімі пайда болады. Балалар асыр салып ойнайды.
Ал, енді балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп аламыз.
1. Қыс мезгілінің бірінші айы. (Желтоқсан)
2. Қайқы тұмсық, қос табан,
Қос таяқпен ұштаған (Шаңғы)
3. Бас қала. (Астана)
Ж
|
Е
|
Л
|
Т
|
О
|
Қ
|
С
|
А
|
Н
|
|
Ш
|
А
|
Ң
|
Ғ
|
Ы
|
|
|
|
А
|
С
|
Т
|
А
|
Н
|
А
|
Жұмбақтар.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампиып.
Отқа жанбас, суға батпас.
Қыс, аяз, қар, мұз.
Көз алдыңа не елестейді?
Жаңа сабақ
Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қыс» екен. Ақын Міржақып Дулатовтікі.
Ақын туралы мәлімет.
Міржақып Дулатов туралы қазақша реферат Міржақып Дулатұлы (1885 — 1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Өмірбаяны Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс - қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім - тәрбие, терең білім береді. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі
Мәтінді түсіндіріп беремін.
Әр балаға оқытамын.
Әр топ мәтінді оқып түсіндіреді.
Сұрақтар:
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Сипаттау мәтіні дегеніміз не?
3. Қыс мезгілінде қандай жануарлар ұйқыға кетеді?
4. Қыс туралы қандай өлеңдер білеміз?
- Балалар қыс мезгілінде аппақ қар жауады. Қар-қыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосферлық жауын-шашын. Қардың да бірнеше түрлері бар екен.
Ақша қар – жаңа жауған таза қарды айтамыз.
Жапалақ қар – ірі түйіршікті қар.
Мұздақ қар – үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
Ұлпа қар – жеңіл үлпек қар
Дәптермен жұмыс.
Бапсыз – жайсыз.
Бек қиын – өте қиын.
Жалтаң аяз – үскірік, суық, аяз.
Қарыған - үсіткен.
Оқушылардан қыс туралы тақпақ сұрау.
Берілген керекті сөздермен тақырыпқа байланысты әңгіме құрау.
Жауды, қар, аппақ. Аппақ қар жауды.
Келді, жыл, жаңа, Алақай.
Келеді, алыстан, Ақшақар мен Аяз ата.
Қандай мерекесі, тамаша жаңа жыл.
Адамдар, дайындайды, тосап, жемістерден.
Малдарына өздерінің, қыс мезгіліне шөптерін жинайды.
Мақал-мәтелдер табу.
Қыста малыңды бақ,
Жазда шөбіңді шап.
Қыс қысыларсың,
Жаз жазыларсың.
Жылы киім тәнді жылытар,
Жақсы сөз жанды жылытар.
Суретпен жұмыс.
Үш топ өздеріне берілген суреттерді қорғайды.
Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру.
«Аққала» ойынын ойнатамын.
Ойын мақсаты: Бұзылған аққала берілген. Аққаланы құрастыру үшін әр бөлшегіне сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға жауап беріп аққала құрастырамыз.
Сабақты қорыту.
Семантикалық карта арқылы оқушылар өздері табады.
Семантикалық карта.
қ/с
|
Айлар
|
Мезгілдер
|
көктем
|
жаз
|
күз
|
қыс
|
1
|
Наурыз, сәуір, мамыр
|
|
|
|
|
2
|
Маусым, шілде, тамыз
|
|
|
|
|
3
|
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
|
|
|
|
|
4
|
Қыркүйек, қазан, қараша
|
|
|
|
|
мұздатады
ызғарлы Қ Ы С қорқыныш
суытады қатырады
боран суық
үйге тапсырма: «Қыс» мәтінін оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |