М.Дулатовтың өмірі, шығармашылығы бойынша білімдерін тереңдету.
Айтылым, тыңдалым дағдыларын жетілдіру, көркем мәтінге талдау жасау қабілетін арттыру.
Ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, ақын өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Көркем мәтінге талдау жасауға, өзіндік ой пікірі қалыптасады, өз ойын тұжырымдап,сауатты жеткізе білуге, алған білімін өмірде қолдана білуге дағдыланады.
7 модульдің кіріктірілуі
“Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, «Талантты және дарынды балаларды оқыту».
Сабақтың әдіс-тәсілдері
«Галлерияны шарлау», «Топтастыру», «БББ» кестесі,
Негізгі дереккөз, ресурстар
11-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы, хрестоматиясы, ғаламтор желісі, А. Байтұрсыновтың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары, т.б.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі
Тапсырмалар
Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, сабаққа назар аударту. «Шағым» өлеңінің 1- шумағын арқылы тақырыпты ашу.
І Білім
Өткен білімді пысықтау. «Галлереяны шарлау» стратегиясы. . М. Дулатовтың өмірі, шығармашылығына байланысты суреттер арқылы өткен білімдерін пысықтау.
ІІ Түсіну
Бейнефильм көрсету. «БББ» кестесімен жұмыс.
ІІІ Қолдану
«Шәкірт» өлеңін оқу, мазмұнын ашу.
ІҮ Талдау
... Я, алла! Талапкердің бақытын аш,
Ақ жүрек пайдалы іспен атағын шаш.
Ұлтына қараңғыда қамаулы өскен
Жарқырап жарық сәуле болғандай бас.
Мың ділдә білімдінің жалғыз сөзі,
Таңырқап жұрттың бұған тұрған кезі.
Сен болып бақыт таңы нұр түсірсең,
Сыпырылып қайғы бұлты кетер өзі.
Айнымай тұтқан жолың болсын мынау:
Азаттық, ағайындық, теңдік сұрау.
Тайсалмай дұрыстыққа жанды қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр-ау... Өлеңге талдау жасау, негізгі идеяны ашу.
Ү Жинақтау
Өлең жолдарын салыстыру. Қазағым, елім, Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Қайқайып белің, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Сынуға тұр таянып. Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, Талауда малың, Қазағым, енді жату жарамас-ты. Қанауда жаның, Аш көзіңді оянып. («Оян, қазақ!») Қанған жоқ па әлі ұйқың, Ұйықтайтын бар не сиқың?! («Жиған-терген»)