Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Абай жолы»



бет2/3
Дата05.06.2022
өлшемі23,2 Kb.
#146028
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
№38-39 сабақтар
№51, №47, Физика формула (1)
«Жайлауда» деген тарауда Абай мен Әйгерім отауына атақты Біржан сал қонаққа келеді. Ауылдың өнерпаз жастары жинала бастайды. Осылардың ішінде Сүгірдің Әкімқожа деген баласынан туған Керімбаланың орны ерекше.
Ол – Біржанның әнін ғана үйренуші емес, орындаушысы да. Ал Әйгерім ән салғанда, Біржаннан бастап, тіпті Абайдың өзі де қозғала алмай, ұйып қалады. Бәйбішесі Ділдә отырған үлкен үйге шақырылған Абайға «Қу кедейдің қызы басынбасын… Үні шықпасын бұдан былай» деген сөздер айтылады.
Бөкеншінің Сүйіндіктен кейінгі билеушісі – Сүгірдің немересі Керімбала
мен жігітектен шыққан қарапайым әнші Оралбай бір-бірін ұнатып қалады.
Керімбала Қаракесектің байларының біріне атастырылған. Қос ғашықтың бұл
әрекеті жігітек пен бөкенші арасында шайқас тудырады. Базаралы мен басқа
жанашырлары екі жасты жасырғанмен, бөкенші жағы тауып алып, Керімбаланың қол-аяғын байлап, атастырған жеріне жөнелтеді.
«Еңісте» деген үшінші тарауда – Абай Әйгерімді ғана алып, Ақшоқыға жаңа отау тігеді. Құс салып жүрген Құдайбердінің үлкен ұлы Шәкеге Абай мен Оспан жолығады. Тәкежан мен Қаражанның тұңғыш баласы Мақұлбай қайтыс болады. Құнанбай Мекке-Мәдинадан келгеннен кейін дүние ісіне араласпай, өз мекенін намаз оқитын орынға айналдырады. Базаралы төрт жылға жуық қажылықта болған Құнанбайға сәлем бере келеді. Жүзі нұрлы, жолбарыстай келбетті тұлғалы Базаралының жүдеп-жадаған күйін көріп, Нұрғанымға жаңа киім тіккізуге тапсырма береді.
Үйіне сауын боларлық екі сиыр, бес құлынды биені жаздай саууға жіберткізеді. Құнанбай Мақұлбайдың жетісі өткенше Нұрғаным ауылына қайтпайды. Базаралыдан Нұрғанымды қызғанған Оспан бұл ауылға су бергізбейді. Бұған ыза болған Нұрғаным сазды жерде тұрған ас үй ішінен құдық қазғызады. Кейін Оспан мен Нұрғаным тартысы аңызға айналады. Әйгерім Абайдың жазып берген жоқтау өлеңін айтқанда Құнанбайдың өзі ден қойып тыңдап, Мақұлбайдың қырқы өткенше баланың жоқтауын тек Әйгерімге айтқызуды тапсырады.
Ералыда болыстық сайлау өтеді. Андреев деген тілмашты жақсы танитын Абай советник Лосовскийге мән-жайды түсіндіріп, Базаралы жағында болады. Дәркембай, Базаралы бастаған қарапайым халық жеңіп, Тәкежанды жақтаған тентек ояз оны амалсыз болыстықтан түсіреді. Керімбаладан айырылған Оралбай тобықты, керей, сыбан, найманның үлкен байларына барымта жасап, ел бүлдіруді бастайды. Ералыдағы сайлауда оязға қарсы шыққан Абай қалаға жауапқа шақырылып, каталашкаға түседі.
Құнанбайдың құдасы Тінібекпен араласатын Әлдеке деген бай саудагердің үш сәйгүлікті пәуеске мініп жүретін сері қызы Салтанат Абайды кепілдікке мың сом төлеп шығарып алады. Салтанат – Абайдың апайы Мәкіштің құрбысы. Лосовский ояз болады. Ол Қызылмола, Қоңыркөкше, Шыңғыс болысы сияқты үш болыстың сайлауына Абайды қасынан тастамай, ертіп жүреді. Қызылмолаға Абайдың інісі Ысқақ болыс болады. Абай атағы жайыла түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет