7.Ұтымды жауап (Тест әдісі)
1. “Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты”, -деп басталатын сөйлем қай бөлім-
де айтылады? а) Үшінші б) Екінші
ә) Бірінші в) Төртінші
2. Қасқырдың неше күшігі өлтірілді?
а) 4 ә) 5 б) 2 в) 3
3. “Көксерек” әңгімесінің авторы?
а) А.Байтұрсынұлы б) Ж.Аймауытұлы
ә) Ж.Жабаев в) М.Әуезов
4. Өте қабаған, сіркесі су көтермейтін долы, ызалы төбет?
а) Көксерек б) Ақ қасқыр
ә) Аққасқа в) Көк шолақ
5. Құрмаш Көксерекпен ең соңғы рет қай жерде кездеседі?
а) Ауылда б) Қой бағып жүргенде
ә) Серуендеп жүргенде в) Әдейі іздеп шығады
Дискриптор:
1.Шығарманың мазмұны желісінде сұрақ құрастырады.
2.Қиын және дәрежесі жоғары сұрақтарға жауап бере алады.
3.Шығармадағы ақпараттың өмірмен байланысын ашып көрсетеді.
4.Шығармадағы қай бөлімнің маңызды екенін атап айта алады.
5.Шығарманы өз сөзімен әңгімелейді.
6.Оқушылар диалогқа түсіп,сұрақтарға тура жауап қайтармай, ой елегінен өткізіп,сыни пікір айтады.
Кері байланыс:
1.Сабақта қандай сұрақтар қиындықтар туғызды?
2.Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
3.Сабақтан кейінгі әсерлерің қандай болды,ұтымды жақтары болды ма?
Сабақта не сәтті өтті?
|
Не сәтсіз өтті?
|
Нені үйрендім?
|
Қандай табысқа жеттім?
|
«Жетістік баспалдағы » әдісі
Оқушыларға сұрақтар беріліп, сұрақтарға жауап алынады.Сабақтың мақсаты айқындалады.
Сұрақтар:
1.М.Әуезов туралы не білдіңдер?
2. «Көксерек» әңгімесі қай жағымен қызықты.
3. Көксерек қандай болып өсті.
4.Көксеректен ауылдағылар қандай зардап шекті.
5.Аққасқырмен Көксеректің байланысы.
6.Көксеректің соңғы әрекеттері.
Бағалау: Оқушыларды топ басшысы бағалау критерилері арқылы бағалайды.
Жалпылама бағалу: топты жеке оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: «Менің сүйікті жануарым» ой толғау жазып келу.
|