Күні: 9.12.2016ж
|
Сыныбы: 3 «Е»
|
Пәні: Әдебиеттік оқу
|
Мұғалімі: Кембаева Ләззат Әбдірәсілқызы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
М. Ғабдуллин. Батыр Бауыржан
|
Сілтеме
|
Әдебиеттік оқу 102-103бет
|
Мақсаты
|
Бауыржан Момышұлы жайлы түсінік беру.
Мәтінді оқу арқылы шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
Шығармашылық қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
Ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже
|
Бауыржан Момышұлы жайлы біледі.
Мәтінді оқу арқылы оқушы шығарманың мазмұнын түсінеді
Шығармашылық қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
Ізгілікті-елжанды дара тұлға болуға және патриоттыққа тәрбиелеу.
|
Сабақ түрі
|
Аралас сабақ
|
Әдіс-тәсілдер:
|
Кім жылдам?, сұрақ – жауап, кім біледі? талдау, сипаттау
|
Ресурстар
|
Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағулова, смайликтер
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Сәлемдесу, түгендеу
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
|
«Кім жылдам?» ойыны арқылы «Нұркен» өлеңін жатқа айту
Бағалау
«Сұрақ – жауап» әдісі арқылы өткен сабақты бекіту
|
Сабақтың ортасы
|
Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау
М. Ғабдуллин. Батыр Бауыржан
Ой қозғау
Бауыржан Момышұлы туралы не білесіңдер?
Бауыржан Момышұлы Әлия Молдағулова
(1910—1982) (1925-1944)
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап қазақ халқы да фашизмге қарсы аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш-жігерлерін жұмсады.
Фашизм-дүние жүзіне үстемдік орнату көксейтін басқынышшы топ.
Бүгін сабақта Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымыз туралы оқимыз
Оқулық жұмыс 131-132 бет «Батыр Бауыржан»
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
Сөздікпен жұмыс
Деректі әңгіме – нақтылы болған оқиға туралы әңгіме
«Кім біледі?» ойыны
Мәтінде кім, не туралы айтылған?
1941 жылы қандай оқиға болды?
Полк командирлері не үшін жиналды?
Бауыржан жігіттерге не айтты?
Мәтіндегі мақалдарды оқы
Әңгімені айтып отырған кім?
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Сабақтың соңы
|
Шығармашылық тапсырма
Суретпен жұмыс
Батыр Бауыржан туралы әңгіме құра
Мақал – мәтелдің мағынасын түсіндір.
«Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді»
«Ел намысы-ер намысы»
«Қазақ баласы-ар мен намыс иесі»
|
Үйге тапсырма
|
Мәтінді түсініп оқу.Әңгімелеу
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
|