Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қайырлы түн»,



Дата01.06.2017
өлшемі39,04 Kb.
#17303
түріСабақ
Атырау облысы,Атырау қаласы

М.Әуезов атындағы № 7 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Даирбаева Сания Сатыбалдықызы
6-сынып

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Қайырлы түн»,

«Қара өлең» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Мұқағали өмірі,шығармашылығы, «Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері жайлы толық мағлұмат беру.

Дамытушылығы: ой-өрісін,ойлау белсенділігін,сөйлеу шеберлігін,тіл мәдениетін дамыту,сөздік қорын молайту,шығармашылық ізденіске баулу,олардың ой-пікірін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: елін,жерін,Отанын,тілін қастерлеуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ой қозғау,мағынаны ажырату,сұрақ-жауап,сөздікпен жұмыс,бағалау,бекіту,қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша мәліметтер,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық.

Сыныпты топқа бөлу. (Тіл.Отан.Халық)



ІІ. Жаңа сабақ

Үш бақытым деп жырлаған кім?

Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

Олай болса ,балалар,бүгінгі жаңа сабағымыз М.Мақатаевтың «Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері.



Дәйексөз: «Қазақтың тілін білмеген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес,Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне адал,жеріне ие,табиғатқа жанашыр бола алады» К.Ахметова
Жаңа сабақты меңгеру.
1-топ: Поэзия пайғамбары (Мұқағали туралы мәлімет береді)

2-топ: «Қайырлы түн» өлеңін талдайды.

3-топ: «Қара өлеңін» талдау.
«Қайырлы түн» өлеңі бойынша сұрақтар:

1.Өлеңде не туралы айтылған?

2.Ел тыныштығын,Отан бақытын сүйетінін ақын қалай берген?

3.Неліктен адамдар ұйықтар алдында бір-біріне қайырлы түн тілейді?

4.Бейбітшілік,ынтымақ туралы мақал-мәтелдер жазыңдар.

5.Өлеңнің мазмұнын ашатындай 10 тірек сөз жазыңдар.


«Қара өлең» бойынша сұрақтар:

1.Өлеңнің тақырыбы не туралы?

2.Ақынның халық өнерін қастерлейтіндігін қандай сөздерінен білуге болады?

3.Ақынның халық алдындағы кішіпейіл,ізеттілік танытатын сөздерін айтыңдар.

4.Сөз өнері туралы мақал-мәтел жазыңдар.

5.Өлеңнің мазмұнын ашатындай 10 тірек сөз жазыңдар.


Сөздікпен жұмыс.
Мағыныны тану.
1-топ: Екі жақты күнделік (Берілген өлең жолдарына оқушы пікірі)

2-топ: «Мен бейбітшілікті қолдаймын» тақырыбында эссе жазу.

3-топ: «Егер мен ақын болсам...» (Қандай тақырыпта жазар едің?)
1-топқа берілетін тапсырма:

Екі жақты күнделік




Ақын өлеңі

Оқушы пікірі

Орманың да шуламасын,

Суларың да туламасын.

Ақ басты ала тауларың да,

Күңіренбесін,жыламасын.






Жат жерді жастанғанда жазатайым

Қанымен жазды ,мүмкін, ағатайым,

Қасиетіңнен қара өлең айналайын,

Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.







Бекіту сұрақтры:

1.Мұқағали қай жылы дүниеге келген?

2.Туған жері?

3.Қандай кітаптарын білесіңдер?

4.Қандай сыйлыққа ие болды?

5. «Қайырлы түн» өлеңі не туралы?

6. «Қара өлең» қандай тақырыпта жазылған?

7.Мұқағали қай жылы өмірден өтті?

8.Ақын есіміне байланысты берілген көше,мектеп,мұражай бар ма?
Бағалау.

ІІІ. Қорытындылау.


Білемін

Үйрендім

Білгім келеді









ІҮ. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау

М.Әуезов атындағы № 7 орта мектеп



Тақырыбы: М.Мақатаев «Қайырлы түн»,

«Қара өлең» өлеңдері
Сыныбы: 6

Пән мұғалімі: Даирбаева Сания Сатыбалдықызы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет