Сабақтың тақырыбы: М. Мағауиннің өмірі мен шығармашылық жолы. «Бір атаның балалары» повесі. 1-сабақ



Дата29.11.2016
өлшемі91,57 Kb.
#2799
түріСабақ
Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 6 «а»

Мұғалім: Шарипкулова Камшат Аманжолқызы

Сабақтың тақырыбы: М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылық жолы. «Бір атаның балалары» повесі. 1-сабақ.

Сабақтың мақсаты: М.Мағауиннің өмірі, шығармашылық жолы туралы жаңа білім беру. «Бір атаның балалары» повесін оқуға қызығушылықтарын тудыру.

Күтілетін нәтиже: Балалар жаңа сабақты бастауға, меңгеруге қызығушылық танытады. М.Мағауиннің өмірі, шығармашылық жолы, еңбектері жайында біледі. «Туыс», «бауыр» сөздерінің мағынасын түсінді. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пайдаланды.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, BilimLand 5 сынып: Проза М.Мағауин. 1 тармақ .

«Бір атаның балалары» флипчарт, слайд, оқулық, М.Мағауиннің шығармалар жинағы, видеофильм, стикер



Сабақтың барысы: Стикерлер арқылы топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару




Ойлау деңгейі

Мақсат

Түрткі

( ашық сұрақ, жағдаят, тапсырма)

Нәтиже

Қалыптасты рушы бағалау

Критерий

Дескриптор

Ұпай

1



Білу

Балалардың жаңа сабаққа деген қызығушы лығын тудыру


(М.Мағауиннің суреті көрсетіледі)

- Балалар, мына берілген суреттегі адамды танисыңдар ма?

- Жақсы, танымасаңдар ол кісінің аты - Мұхтар Мағауин. Естулерің бар ма?

- Мұхтар Мағауин қандай қызмет атқарады деп ойлайсыңдар?

Балалар жаңа сабақты бастауға, меңгеруге қызығушылық танытады.


Оқушылардың түсіндірулері



Балалардың жаңа сабаққа қызығушылығын тудыруы


Қызығушылық танытты


Қызығушылық танытпады

1

0


2



Түсіну

М.Мағауиннің өмірі, шығармашы лық жолы жайында түсінік қалыптастыру



Тапсырма:

1.Ақпарат көздерінен (компьютер, планшет, телефон) М.Мағауин туралы мәлімет тауып ал.

2.Мәліметті оқу арқылы М.Мағауин туралы білетіндіктеріңді топтастыр.




М.Мағауиннің өмірі, шығармашылық жолы, еңбектері жайында біледі.


Түсіндірме тапсырмалар


Түзетулерді орындау

М.Мағауиннің өмірі, шығармашылы ғы туралы білуі,

шығармалары мен танысуы

Жақсы біледі


Біледі
Білмейді

2
1
0




3



Қолдану

Оқушылардың алған білімдерін оқу үдерісінде қолдану


Алған білімдері интербелсенді тақтада тексеріледі. Керекті сөздерді орындарына қою.

3. BilimLand 5 сынып: Проза М.Мағауин. 1 тармақ . Интербелсенді тақтадан оқушыларға үзінді тыңдату.

Алған білімдерін тақтада

көрсете алды.

Жаңа сабаққа қызуғушылығы артады.


Түсіндірме тапсырмалар


Түзетулерді орындау

Естіген, оқыған мәліметтерін пайдалана алуы


Білімдерін көрсетті


Білімдерін көрсетпеді

1

0


4



Талдау


Сөздің мағынасын ұғындыру. Мәтінге қызығушылық тарын тудыру


Топтық жұмыс

1-топ: «Бір атаның балалары» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2-топ: М.Мағауиннің шығармасы «Бір атаның балалары» деп аталуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

3-топ: Шығармада қандай оқиға суреттелді деп ойлайсыңдар?

4-топ: Соғыс тақырыбында жазылған қандай шығармаларды білесіңдер.

«Туыс», «бауыр» сөздерінің мағынасын түсінді. Мәтінге қызығушылықта рын танытты. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пайдаланды.



Жұптарда өзара бағалау


Топтардағы өзара бағалау

Оқушылардан сұрау алу және "таудың ұшар басына шығу"


Сөздің мағынасын түсіне алуы,

сабаққа қызығушылық танытуы,

Өткен тақырыпта алған білімдерін пайдалана алуы


Сөздің мағынасын түсінді


Түсінбеді

1


0

Өткен тақырыптағы білімдерін пайдалана алды
Пайдалана алмады

1

0


5



Жинақ тау

Алған білімдерін тиянақтау


Суретке қарап «Соғыстың адамзатқа әкелген зардабы» тақырыбында шағын ойтолғау жазу



Алған білімдерін жинақтап, ойтолғау түрінде жазды.


Оқушылардан сұрау алу және "таудың ұшар басына шығу"


Алған білімдерін қорытып, жинақтай алуы


Қорытындылай алды


Қорытындылай алмады

1

0



6



Бағалау

Оқу материалының маңызын анықтау, дарындылық туралы өзіндік пікір айту, ойын дәлелдеу


М.Мағауин жайында бейнефильм көрсетіледі.

- М.Мағауиннің: «Дарындылықты іске жарату адамның өзіне байланысты»-деген сөзіне келісесіңдер ме, әлде келіспейсіңдер ме? Өз ойларыңды ортаға салыңдар. (Пікірталас)


Оқу материалының маңызын түсінді.

Өзіндік пікірлерін дәлелдей алды

Оқушылардан сұрау алу және "таудың ұшар басына шығу"

Өзін-өзі бағалау

Оқу материалының маңызын түсінуі,

өзіндік пікірлерін дәлелдей алуы

Түсінді


Түсінбеді

1
0

Дәлелдеді
Дәлелдей алмады

1
0

Оқушылар жұмысын жинақтау, саралау.
Мұғалім қорытындысы:  Сонымен, балалар біз бүгін М.Мағауин өмірі, шығармашылық жолы жайында толық ақпарат алдық. Оның «Бір атаның балалары» атты повесі бар екенін білдік. Мәтінде қаршадайынан соғыстың ауыр азабын тартқан сендер жастағы балалардың әрқилы тағдыры сипатталғанын білдік. М.Мағауин осы повесі арқылы сендердің сүйікті жазушыларыңа айналатынына мен сенемін.

Бағалау: Бағалау парағы арқылы бағалау, стикер арқылы пікір білдіру.

Үй тапсырмасы: М.Мағауиннің өмірі, шығармашылық жолы туралы тағы да қосымша мәліметтерді қарастыру . «Бір атаның балалары» повесінің толық нұсқасын оқу. BilimLand 5 сынып: Проза М.Мағауин. 1 тармақ ты толық тыңдап, кейіпкерлерді жазып алу.





Бүгінгі сабаққа қойылатын талаптар




Сол талаптарды менің игеруім



Игеру үшін жасайтын әрекетім

«Игердім»

«Игермедім»

1

Балалар жаңа сабақты бастауға, меңгеруге қызығушылық танытады.









2

М.Мағауиннің өмірі, шығармашылық жолы, еңбектері жайында біледі.










3

«Туыс», «бауыр» сөздерінің мағынасын түсінеді.











4

Алған білімдерін жинақтап, ойтолғау түрінде жазды.











5

Оқу материалының маңыздылығын түсінді.

Өзіндік пікірлерін дәлелдей алды













Бағдарлама

«Мұхтар Мағауин. «Бір атаның балалары» (хикаяттың жеке тараулары) (3 сағат). Жазушының өмірі туралы қысқаша мәлімет. Повестің тақырыбы мен идеясы. Шығармадағы образдар жүйесі. Соғыс қасіретінің ауыл тіршілігіне, адамдар психологиясына әсері. Ұлттық қасиетімен ерекшеленетін Ахмет секілді адамдардың панасыз қалған балаларды ұлтына, тіліне, түріне қарамай, жатсынбай қамқорлыққа алуы. Қазақ халқының кеңпейіл, мейірімді, қонақжай қасиеттері. Әңгіме негізіндегі шындық, тарихи деректілік. Әдебиет теориясы: көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы. Тіл дамыту: повестегі әр кейіпкерге мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. (М.Қозыбаев. «Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин. «Тазының өлімі» повесі (үзінді)



6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      Пәндік нәтижелер бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар:


      1) әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне өзіндік көзқарасын білдіре білуі;
      2) балалар әдебиеті үлгілерін мұғалім басшылығымен және өз бетімен ізденіп оқи білуі;
      3) оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын, әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтай білуі;
      4) өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын

ажырата білуі;


      5) мәнерлеп оқудың барлық элементтерін;
      6) ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи сипатын, маңызын көркемдік шындық

тұрғысынан суреттей білуі;
      7) әдебиеттің басқа өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін, театр, кино, т.б.) байланысын;

      8) бағдарламаға сәйкес 9-10 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 5-6 прозалық туындыдан үзінділерді

жатқа айта алуы;


      9) сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқи білуі;
      10) берілген мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелеп, толықтырулар енгізе білуі/меңгеруі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет