|
Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінен берілген үзіндідегі кейіпкерлер бейнесі арқылы дәріптелетін құндылықты анықтап, қазіргі өмірмен байланыстырады.
№
|
Шығармадан үзінді
|
Дәріптелетін құндылық
|
Құндылықтың қазіргі өмірдегі маңызы
|
1
|
Төңіректегі жұрт бұл ұяны «ағаш үйдегі мектеп» атандырған. Қаныш болса, 1909-1911 жылдарда оған қатынаған балалардың ең құртақандайы. Сірә, содан да шығар, ересек шәкірттер оны ерекше жақсы көреді... Әрине, ол жалғыз жүрмейді. Өз ауылының ересек балаларымен бірге келеді, көбіне Бапай, Жұмағұл, Нұрлан сықылды күтушілері әкеп салып, қайтарында да ат, шаналарын сайлап, күтіп тұрады.
|
|
|
2
|
«Қаныш Сәтбаев – жас қазақ инженері, Томск технология институтында білім алған, –депті Александр Викторович соңғы жинағының 267-түсінігінде. – Баянауыл әндерін ол көп біледі және келістіре орындайды. Мына жинақ үшін ол көптеген әндер мен әуендерді айтумен бірге, солар туралы өте құнды деректер қосып, әмбе әндер мәтінін орыс тіліне мұқият аударып та берді...»
|
|
|
3
|
Зерттеу үшін. Білу үшін. Көру үшін. Туған жерінің кен тасын ғана емес, соның ой-қырына түскен әрбір із, таңбаны, бір кезде болып өткен ескілі-жаңалы тарихты, мәнді оқиғаны жақсы біліп, халық жадында ұстау үшін. Ғылым керегіне, ел кәдесіне жарату үшін. Соны жас ұрпақ, кейінгі толқын көкейіне сеуіп, биік мұраттарға, ілгері мәдениетке жетелеу үшін... оның жаратылысы сол – іздену, әрқашанда іздену!...
|
|
|
Дескрипторы:
кейіпкерлердің бір-біріне жасаған қарым-қатынасы арқылы дәріптелген құндылықтарды анықтайды;
кейіпкердің халық мұрасына құштарлығы тұрғысынан дәріптелген құндылықтарды анықтайды;
кейіпкердің өмірлік мақсат-мұратынан дәріптелген құндылықтарды анықтайды;
құндылықтардың қазіргі өмірдегі маңыздылығын түсіндіреді;
ҚБ дескриптор арқылы бағаланады. Жасаған қадамдарына қарай өзара бағалау жүргізеді.
Өзара тиімді кері байланыс жасайды.
|