Сабақтың тақырыбы: М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы»


Синтез Екі түрлі түсініктеме күнделігі



бет16/18
Дата02.10.2019
өлшемі1,16 Mb.
#49113
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
7-сынып қазақ әдебиеті қмж 4-тоқсан


Синтез

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:




Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

Бес жолды өлең құрастыру
1-топ –Пушкин
2-топ-Ескерткіш
3-топ- Ақын Әр топ мүшесі жеке жұмыстанады, сосын өз ойын топпен бөліседі, постерге жазып, қорғайды.

Оқушылар кестемен жұмыс жасайды



Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс







Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Сабақтың тақырыбы:

А.С.Пушкин және қазақ әдебиеті



Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау(7.А/И2).

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесі



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.



Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Өзі туралы кластер» тренинг

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б


1-топ:


Жазушылар

2-топ: Зерттеушілер

3-топ: Суретшілер
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.


Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)




Оқулық,


мәтіндер.

Ортасы

10 минут




Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

А.С.Пушкин және қазақ әдебиеті

Александр Сергеевич Пушкин (6 маусым 1799МәскеуРесей — 10 ақпан 1837Санкт-ПетербургРесей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Өз Отанының жалынды патриоты болған Пушкин орыс халқымен жақын, тағдыры бір, туыстас барлық халықтардың өміріне үңіле қарады, олардың тілек-мүддесін, арманын терең түсінді. Кавказ халықтарының, сондай-ақ Ресейдің басқа да халықтарының өмірін, тұрмыс-салтын кемеңгер ақынның жақсы білгені және бірталай шығармаларында суреттеп отырғаны белгілі. Пушкин қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде қазақ халқына сүйіспеншілік сезіммен қарап, оның өміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды. Ол қазақ жігіттерінің Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қоса қазақ халқының бай сөз өнеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің, асыл нұсқаларының бірі - «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»дастанын жаздырып алды. Өмірінің соңғы көзінде жазылған белгілі «Ескерткіш» атты өлеңінде өз шығармаларын Ресейдің барлық халықтары оқитын болады дей келіп, осы өлеңнің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап кетеді. Қазақ тарихында Пушкин мұрасына алғаш айрықша зер салып, өнеге еткендер Шоқан УәлихановЫбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев болғаны белгілі. Олар Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ көзінде ете кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті - жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. 

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.


Сергіту сәті

2 минут


«Қара жорға» биі

видеожазба

Аяқталуы

Сабақты бекіту



10 минут

Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет