Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезең
«Шаттық шеңбері»
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз
-Оқушыларды смайликтер арқылы топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Мен мұны білемін!
Нығмет Ғабдуллин «Комбаттың әңгімесі» мазмұнын сұрау
Ә.Молдағұлова жайлы жинақтаған мәліметтерін тыңдау
ІІІ. «Ой қозғау» әдісі
-Балалар бұл әңгімеде тарихтағы қандай жылдар туралы айтылған?
-Ұлы Отан соғысы
-Дұрыс айтасыңдар.Бұл соғыста жеңіске бір табан жақындауына тылдағы адамдардың да еңбегі зор. Осы соғыста қандай техника түрлері жұмылдырылған?
- Зеңбірек, мылтық, танкі, ұшақ...
-Міне, осы соғыс кезінде өз қаражатына сатып алып, ұшақ жіберген адамдардың бірі Қажымұқан атамыз екен. Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыздың аты Мұратхан Тәнекеевтің «Қажымұқан» мәтінімен танысамыз.
ІV.Мағынаны тану
|