«Білім бәйтерегін» көтеру
-Балалар сендер қандай ағашты көріп отырсыңдар?
-Жапырағынан айырылған ағашты
-Дұрыс айтасыңдар, ендеше осы ағашты гүлдендіру үшін сүрақтарға жауап беру арқылы жапырақтарын жабыстырайық
-Мәтінде кім туралы әңгімелейді?
-Мұқанның бұл жолғы қарсыласы кім болды?
-1941 - 45жылдары қандай оқиға болды?
-Жекпе – жек немен аяқталды?
-Өтіп жатқан бөлім қалай аталады?
-Соғысқа қатысқан басқа қандай батырларды білесің?
-Қажымұқан жинаған ақшасын не істеді?
-Өткен сыныпта Қажымұқан туралы қандай әңгіме өттік?
-Қандай балуандарды білесің?
-Қандай батырларды білесің?
-Балалар ағашымыз жапыраққа толып гүлденді, сендер де осы ағаш сияқты бұтақтарынды кеңге жайып, биіктерден көріне беріңдер дей отырып, Қажымұқан балуанның батасын алғанды жөн көріп отырмын.
Қажымұқан атаның батасы
Биік болсын мақсатың,
Ұзақ болсын жақсы атың.
Өз халқыңа адал бол,
Дала гүлі жас батыр.
Намысы гүл жас батыр,
Өз ортаңның дүрі бол.
Көпке ұнап істерің,
Жүзге дейін тірі бол.
Әумин!
V. Рефлексия. Кері байланыс Бағдаршамның түстеріне жабыстыру
Бүгінгі сабақта менің жақсы меңгергенім.....
Меніңше мен ........ орындай алмадым, өйткені.....
Бағдаршам арқылы, бармақ арқылы, фишка арқылы, топтар арасындағы бағалау
Кейінгі оқу
|
Мұратхан Тәнекеевтің «Қажымұқан» мәтінін мазмұндау
Қажымұқан жайында деректер жинастыру.
|