Сабақтың тақырыбы: Мақал сөздің мәйегі. Сабақтың мақсаты



Дата12.11.2023
өлшемі23,77 Kb.
#191089
түріСабақ
Байланысты:
CӨЗ МӘЙЕГІ


Сабақтың тақырыбы: Мақал - сөздің мәйегі.
Сабақтың мақсаты: Мақал - мәтелдердің мағынасын ұғынуға, олардың айырмашылығын айыра білуге, орынды пайдалана білуге үйрету.
Сөз қорын молайтып, ақыл - ойын дамыту
Адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
I. Ұйымдастыру
Оқушылар ішінен 8 оқушыны таңдап алу.
II. Негізгі бөлім.
Тәрбиеші:
Мақал – мәтел ата - бабамыздан қалған өшпес мұра.
Мақал - мәтелдің тәрбиелік мәні өте зор. Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады, айтылар ой нақты толық жеткізіледі.

Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз ер жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.


Мақалда қорытынды айтылады, ал мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген - ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

1 - бөлім. Оқушылар батырлық, отан, туған жер, достық туралы
Мақалдар айтып жарысады..
2 - бөлім. Мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал оқушылар сол мақалдың
жалғасын табулары керек.

Қына тасқа бітеді,....../Ақыл жасқа бітеді/


Білекті бірді жығар,.../Білімді мыңды жығар/
Бір тал кессең,.../он тал ек/
Тау мен тасты жел бұзар,.../Адамзатты сөз бұзар/
Шебердің қолы ортақ,.../Шешеннің сөзі ортақ/
Еңбексіз өмір -..../сөнген көмір/
Отансыз адам -..../ормансыз бұлбұл/
Ынтымақ болмай,..../іс оңбас/
Ырыс алды -..../ынтымақ/
Күш -...../білімде/
Досы көпті жау алмайды,..../Ақылы көпті дау алмайды/
Өнер алды -.../қызыл тіл/
Тіл тас жарады,..../тас жармаса бас жарады/
Ағайын - алтау,.../ана біреу/
Әкеге қарап ұл өсер,.../Шешеге қарап қыз өсер/

3 - бөлім. Жұмбақтар оқылады,


Оқушылар сол жұмбақтың жауабына қатысты мақал айтады.

Жылт - жылт еткен,


Жылғадан өткен.
/су/
( жылый жылай арық қазсаң, күле-күле су ішерсін )

Көп бытыра қорғасын,


Көбейткен жердің олжасын
/жаңбыр/
( жаңбыр жауса,жерге сый )
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
/күн/
( батар күннің атары бар )

Үйіңді қорғайды,


Үйшікте тоңбайды.
/ит/
( ит үреді керуен көшеді )

Қабат - қабат қаттама,


Ақылың болса аттама
/кітап/
( кітап - біліп бұлағы білім – өнер шырағы )

III. Қорытындылау.
Біздің қазақ елі өте тілге бай халық. Қарапайым сөйлегеннің өзінде біз мақал- мәтелдеп сөйлейміз. Сондықтан, тілді үйрену үшін тұрмыста қолданылатын мақалдарды білу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет