Ия, балалар біздер бүгінгі сабағымызда ғасыр ақыны атанған, қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағалидың өмірі, өлеңдері туралы көптеген мәліметтер алдық. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды не білдік, не үйренгеніміз жөнінде ротация әдісі арқылы қорытындылайық.
3 топқа бірдей тапсырма: "Біз ақиық ақынымыз Мұқағали туралы не білдік?" соны алдымыздағы ақ параққа толтырамыз.
Дұрыс айтасыздар, біздер бүгінгі сабағымызда ақынның өмір жолын қосымша мәліметтер арқылы толықтырып, ақынның еліне, жеріне Отанына деген сүйіспеншілігінің қаншалықты қымбат екеніне көзімізді жеткізіп, ұлтжандылықты, қайсарлықты бойымызға дарыта білдік.
Олай болса, "Менің анкетам" өлеңін мәнерлеп айтуға шақырамын.
Рахмет, оқушылар. Бүгін біздер ғасыр ақыны атанған, жырдың мұзбалағы, біртуар ақиық ақынымыз, қазақтың мақтанышы Мұқағали ағамыздың "Елім маған не береді емес, мен еліме не беремін" деп өмір сүргенін білдік.
Ендеше бүгінгі сабаққа жақсы, белсене қатысып отырған оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: М.Мақатаевтың "Елім барда" , "Анау-аспан, мынау-бақ" өлеңін жаттау.
"Қазақтың мұзбалағы - Мұқағали" тақырыбында РАФТ әдісі бойынша ойтолғау жазу, өлең шығару.
Ақын ағаға хат жазу.
Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады деп Күләш Ахметова айтқандай,Мұқағалидай ақыны бар қазақ елі бақыттыдей отыра, ақынның өлеңіне жазылған "Бақыт деген..." әнімен сабағымызды аяқтаймыз.