Сабақтың тақырыбы: "Магнит өрісінің кернеулілігі. Толық ток заңы"



Дата17.06.2018
өлшемі24,87 Kb.
түріСабақ
Қазақша Ашық сабақ: Электротехника | Магнит өрісінің кернеулілігі. Толық тоқ заңы. Ашық сабақтың тақырыбы: "Магнит өрісінің кернеулілігі. Толық ток заңы" Мекен жайы: Арал Мұғалім аты: Абишова Гаухар. Мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға магнит өрісінің кернеулілігі туралы түсінік беру. Толы ток заңынан мағлұмат беру.Магнит өрісі мен ток арасындағы байланыс туралы түсінік беру. ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау логикасын, білім қабілетін ,өріс тарапын дамыту.Материалдық ұғым туралы түсінік беру. б) Тәрбиелік: Тақырып арқылы оқушы бойына біліктілікті, тәрбиелікті және қазақтың ұлттық өнерін бойына қалыптастыру. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру. Сабақтың әдісі: Жаңа технологиялық әдістерге сай аралас, баяндау, сұрақ- жауап, сынақ- сайыс сабақ.. Пәнаралық байланыс: география, физика, математика, геометрия, химия, электр материал тану. Сабақтың көрнекілігі:сызба плакат,тірек конспектісі, домино. Техникалық құралдар: лазер, магнит, амперметр, вольтметр, осциллограф, катушка, өткізгіштер. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі(1 минут) 2.Өткен сабақты тексеру. Домино ойыны(5 минут) Темір, болат, шойын, никель, кобальт, гадолоний 1.Магниттік индукцияның өлшем бірлігі Болмайды 2.Ферромагниттік материалдарды атаңыз Тесла(Тл) 3.Магнит өрісі қай жерде пайда болады? Теріс, оң, солтүстік, оңтүстік 4.Магнит өрісінде заряд бола ма? N 5.Магнит полюстері Спираль түрінде иілген және бір осьті бойлай орналасқан ж»ңішке қыл сымнан жасалған өткізгіш 6.Бұранда ережесі Болмайды 7.Солтүстік полюс қалай белгіленеді Тогы бар өткізгіш жанында 8.Соленоид Бұранданың ілгерілемелі қозғалысы өткізгіштнгі ток бағытымен сәйкес келсе, онда бұранда тұтқасының айнымалы қозғалысы осы өткізгіш айналасында пайда болатын өрістің магниттік сызықтардың бағытын көрсетеді 9.Бір полюсті магнит жасау мүмкін бе? 3.Жауаптары тыңдалып , ұпайлары беріледі. 4.Жаңа сабақ(10 минут) Тірек сызбалары пайдаланылып, ток күші, магнит индукциясы, күш шамаларын еске түсіріп, жаңа сабақ түсіндіріледі. Токтың магнит өрісін қоздыратын қасиеті F әрпімен белгіленетін магниттік қозғаушы күшпен сипатталады.(МҚК). МҚК тұйықталған магниттік сызықтардың бойымен таралады және магнит өрісін тудыратын токка тең болады да ток сияқты ампермен өлшенеді. Магниттік сызық ұзындығының бірлігіне сәйкес келетін МҚК магнит өрісінің кернеулілігі деп атайды. Магнит өрісінің кернеулілігі , магнит индукциясы сияқты , векторлық шама болып табылады. Дербес жағдайда, түзу өткізгіштің айналасында магнит өрісінің сызықтары шеңбер болып келеді.,әр шеңдердің ұзындығы:L=2пх, мұндағы х-центрі өткізгіш осінде орналасқан өрістің қарастырылып отырған нүктесі арқылы жүргізілген шеңбердің радиусы..Өріс кернеулілігіН=I/2пх, сондықтан өткізгіштен алыстаған сайын өріс кернеулілігі азая береді.Бұл өрнекті былай жазуға болады:I=HL=H2пх. Егер де магнит өрісі бір ғана емес, ал тогы бар w -өткізгіштермен тудырылса, ондаМҚК ΣI=F=wI=Hl=H2пх. Сонымен , контур бойындағы магниттеуші күш осы контурмен шектелген бетті тесіп өтетін толық токка тең болады. Табылған қатынас толық ток заңы деп аталады. 6.Жаңа сабақты қорытындылау(8 минут) Эстафеталық жарыс. Жаңа сабақты ұғынған, бекіткен білімдеріңізді кезекткесіп қағазға жазыңыздар.Қай топ бірінші мәреге жетер екен? Эстафета жүріп жатқанда есеп шығарамыз. Петровтың есеп жинағынан: 341. Соленойдтың ұзындығы 0,25м , орам саны 100-ге тең, ондағы ток күші 0,04 а құрайды.Соленоид ішінің кернеулігін анықтаңыз: Берілгені: формуласы: шешуі: L= 0,25м I= 0,04а H=IW/l H=0.04x100/0.25=16a/м W=100 Есепті оқушылармен бірігіп талдап, шығарамыз.Болған соң, ұқсас есепті бір оқушы шығарады. Енді «Нені көрдім? Нені байқадым? Нені қорытындыладым?»- атты өзіміз үшін тәжірибе жасап көрейік. Қажетті құрал-жабдық: Гальванометр, магнит өзекше, орамды катушка, өткізгіштер. 7.Бағалау және үйге тапсырма. Жинаған ұпайларына сәйкес оқушылар бағаланады. 8.Үйге тапсырма. : Магнит өрісінің кернеулілігі. Толық ток заңы тақырыбы.Петровтың есептер жинағынан 352 есеп. 

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/sabak/648-magnit_electrical.html
© www.ZHARAR.com
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу