Пәнаралық байланыс:Әдебиет
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Қайырлы таң атты, Жарқырайды даламыз
Алтын сәуле таратты. Қайырлы күн балалар,
Жарқырайды күніміз Қайырлы күн қонақтар.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Бау-бақша шаруашылығы» туралы оқушылардан сурау және көкөністер мен жемістер туралы дайындаған бүктемесін қорғау
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту:
-Елімізде қандай бау-бақша түрлері өсіріледі?
-Көкөністер мен жемістердің адам үшін қандай пайдасы бар?
ІҮ.Жаңа сабақ. «Ой шақыру»әдісі
Кішкене ғана бойы бар айналдырып киген тоны бар (қой)
Төрт бұлағы сүт,баға білсең құт (сиыр)
Маң-маң басып келеді,тапырақтап желеді
Мойны ұзын үсті тау,ертеден елге енеді (түйе)
Қамыс құлақ дара тұяқ,ұзын құйрық жалы бар,
«Ер қанаты»аталатын,айтшы қандай жануар (жылқы)
-Осы жұмбақтардың шешуін біріктіріп қарасақ төрт түлік малдың атауы шығады.Олай болса мал шаруашылығында төрт түліктің алатын орнын ерекше айтып өтеміз.
-Ең бірінші сыныпты екі топқа бөліп отырмын (топ басшыларымен таныстырады)
І. Қошақандар ІІ.Ботақандар
Мұғалім сөзі: Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді.Мал кезінде алты алаштың жесе-асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі, жапанда-серігі болған.Біз ежелден малға жақын халықпыз.Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген.Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Мал шаруашылығындағы төрт түліктің ерекшелігі» Мал шаруашылығы кезінде төрт түлікті екі топқа бөлген «ірі қара мал» және «ұсақ мал» Түйе,сиыр,жылқы-ірі қара,ал қой, ешкіні-үсақ малға жатқызған Жеке тоқталатын болсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |