Сабақтың барысы:
Қысқаша конспект.
|
Балалар! Социализм жүйесін таңдаған Қытайдың саясаты мен экономикасы және халықтың әлеуметтік жағдайы қалай өзгергенімен танысатын боламыз.
1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы жарияланды. Билік басында Мао Цзэдун болды. 1949-1952 жж. Аграрлық реформа жүзеге асып, помещиктер жойылып, 300 млн шаруа 47 млн га жерге ие болды. 1950-1959 жылдары Қытай мен КСРО ортақ келісім болып. КСРО 256 ірі кәсіпорындарды салып берді. 1954 жылы жаңа Коснтитуция қабылдады, билік коммунистік партияның қолында болды. Ұсақ ұлттарға автономиялық еріктілік жарияланды. 1958 жылы Қытай коммунистік партиясы 5 жылдық жоспар «зор секіріс» бағытын жариялады. Қытай экономикасы біршама көтерілгенімен елде қуғынс үргі басталды. Олар хунбейвиндер және изаофондар деп ажыратылды, нәтижесінде 10 млн адам жазаланды. 1976 жылы 9 қыркүйекте Мао Цзэдун қайтыс болып орнына Дэн Сяопин келді. Елде 100 млн адам ашаршылыққа ұшырады. Дэн Сяопин 1978 жылы Қытайға кең түрдегі экономикалық реформаны іске асыру үшін жарияланды. Экономикалық реформа аулыдан басталды. Реформаның мәні: жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды.
Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салған Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтудың дамуын, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мәселесін шешті. ейін ауыл шаруашылығындағы реформаның тәжірибесі қорытындылана келе, қайта құрулар толқыны қалаға қарай ойысты. Нәтижесінде XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап Қытайда экономика тез қарқынмен дами бастады. Д.Сяопин енді елдің шет елдермен қарым-қатынасын жан-жақты кеңейту мәселесін көтерді. Осы мақсатта арнайы ашық экономикалық аймақтар құрылды. "Ашық есік" саясаты ел экономикасының даму қарқынын одан әрі жеделдетті. Қытайдың тұтастығын қалпына келтіру үшін ол нақты жағдайды ескере отырып, "бір мемлекет - екі құрылым" деген тұжырымдама ұсынды. Бұл саясатта өз жемісін беріп, 1997 жылы жүз жылдан аса ағылшын отары болған Сянган (Гонконг) аралы Қытайға бейбіт түрде қайтарылды.
|