Сабақтың тақырыбы: Масштаб
Мақсаты: Картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;
2. Сабаққа теориялық материалдарды еске түсіру үшін берілген сұрақтарға жауап дайындау:
1.Масштаб дегеніміз не?
2. Масштаб қайда және не үшін пайдаланады?
3. Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең?
Анықтама: Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды.
M = ; c – картадағы кесіндінің ұзындығы;
d – Жер бетіндегі арақашықтық;
М – картаның масштабы
Масштабы бар жазудың оқылуы:
М 1:1000000 немесе М масштабы миллионнан бірге тең;
М 10 : 1 немесе М масштабы миллионнан бірге тең.
3.Тапсырмалар.
№1. Жер бетіндегі 20 м арақашықтық картаға 5 см болып кескінделген. Картаның масштабын табыңдар.
№2. Жоспарда үйдің ұзындығы 25 см. Егер жоспар 1: 300 масштабымен жасалса, онда үйдің жер бетіндегі ұзындығын табыңдар.
№3. Деталдың ұзындығы сызбада 1:3 масштабпен 2,4 см-ге тең. Осы деталдың ұзындығы 2:1 масштабпен жасалғанда неше сантиметрге тең болады?
Қосымша тапсырмалар:
1-тапсырма
Атырау мен Алматының арақашықтығы (түзу бойымен алғанда) 1800 км. Картаның масштабын анықтаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
Атырау мен Алматының картадағы арақашықтығын өлшейді;
масштабтың анықтамасын қолданады;
бірдей өлшем бірлікке келтіреді;
қатынасты қысқартады;
жауабын жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |