Сабақтың түрі: тірек-сызбамен, топпен жұмыс



Дата10.03.2017
өлшемі9,64 Kb.
түріСабақ

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жапырақтың қызметімен, сыртқы құрылысымен таныстыру, жапырақтың жүйкеленуі туралы түсінік қалыптастыру. Дамытушылық: Әр оқушының қабілетін шыңдап, ізденпаздығын, жауапкершілігін дамыту. Тәрбиелік: Ұтымды ойлауға, белсенді қимылдауға, өзгенің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

.

  • Сабақтың көрнекілігі: АКТ, слайд, таратпа материалдар, тірек сызбалар, кеппешөп Сабақтың түрі: тірек-сызбамен, топпен жұмыс

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: II.Үй тапсырмасын сұрау:

1. Шырынды сабақтар өсімдікте қандай қызмет атқарады? 2. Жер асты өркендерді атаңдар. 3. Тамырсабақтың тамырдан айырмашылығы неде?

  • 4. Тамырсабақты қандай белгілеріне қарап өркен деп атайды?
  • 5. Пиязшықтың құрылысын талдап беріңдер? 6. Түйнектің құрылысын талдап, өркен екендігіне көз жеткізіңдер.
  • Жапырақтың құрылысы, қызметі (түсіну)
  • Жапырақ тақтасының пішіні, өсуі, тіршілік ету ұзақтығы (зерттеу)
  • Жапырақтың жүйкеленуі (талдау)
  • Жапырақтардың сабаққа орналасуы (дәлелдеу)
  • Жай және күрделі жапырақтар (суреттеу)
  • Сабақ пен жапырақ вегетативті мүшелерді салыстыру (салыстыру)
  • Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі – тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі – сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын жапырақты сағақсыз жапырақ дейді. Жапырақ тақтасының негізгі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылады. Оны қынап дейді.
  • Сағақты жапырақ
  • 1. Жапырақ тақтасы
  • 2. Сағақ
  • Сағақсыз жапырақ
  • Жапырақ тақтасының пішіндері

Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әртүрлі болады. Қарағай, шырша және т. б. ине тәрізді. Бидай, қарабидай, жүгері, арпа – таспа тәрізді. Жөке, гүлшетен, - жүрек пішінді. Құсшөп – бүйрек пішінді. Шырмауық – жебе тәрізді.

Бір ғана тақтасы бар жапырақты жай жапырақ дейді (мысалы: терек, қарағаш, қайың, жөке ағашатары, т.б.)

  • Бір сабақта 2 не одан да көп майда жапырақшалар болса күрделі жапырақ дейді

Күрделі жапырақтар жапырақшаларының орналасуын қарай: 1. үшқұлақты күрделі, 2. саусақ салалы күрделі, 3. қауырсын тәрізді күрделі деп 3-ке бөлінеді

1. Үшқұлақты күрделі жапырақ сағағында 3 жапрақша болады, мысалы: беде, соя және т.б.

2. Саусақ салалы күрделі жапырақта сағақта 5-7 не одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады, мысалы: атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора

3. Қауырсын тәрізді күрделі жапырақшалар негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады.

Жапырақтың жүйкеленуі. Жүйкелену деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады.

  • Жүйкелердің қызметі.
  • 2) ЖАПЫРАҚҚА БЕРІКТІК ҚАСИЕТ БЕРЕДІ.
  • Жүйкелену бірнеше типке бөлінеді
  • Қауырсын тәрізді жүйкелену
  • Саусақ салалы жүйкелену
  • Параллель жүйкелену
  • Доғалы жүйкелену
  • Жапырақтың жүйкеленуі
  • Қауырсын тәрізді жүйкелену – тал,терек, алма, алмұрт ағаштары
  • Саусақ салалы жүйкелену – үйеңкі, үпілмәлік, бегония
  • Параллель жүйкелену – бидай, жүгері, сұлы
  • Доғалы жүйкелену – інжугүл, жолжелкен
  • Жпаырақтың сабаққа орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Сондықтан жапырақ тақталары қанша көлемді болғанымен, бәрі күн жарығымен қамтамасыз етіледі.
  • Бекінудің 3 түрі бар:
  • Қарама-қарсы орналасу
  • Топтана орналасу
  • Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, кезектесіп орналасу дейді.
  • Қарама-қарсы орналасу – сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір-біріне қарама-*қарсы бекінуі (үйеңкі, гүлшгетен, қалампыр, жалбыз).
  • Егер бір буынында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, оны топтанып орналасу дейді (сарыағаш, қызылбояу, талгүл, қарғакөз).

Каталог: uploads -> doc -> 08e4
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08e4 -> Сабақтың мақсаты:


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу