Ой-түрткі:
С-1:Масштаб дегеніміз не?
С-2: Масштаб қайда және не үшін пайдаланады?
С-3: Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең?
Анықтама: Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды.
Мысалы: географиялық картаның масштабы 1 : 100 000 болса, онда картаның ұзындығы 1 см кесіндіге жер бетінде 100 000 см = 1000 м = 1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше, жер бетіндегі 1 км қашықтық географиялық картада 1 см кесіндімен кескінделеді.
Әр түрлі сызбаларда масштаб әртүрлі сандық мәндерге ие болады. Масштаб географиялық карталарда : 1 : 250 000 000 ; 1 :1 000 000 ;
үй бөлмелерінде: 1 :200 ; 1: 250 ; бөлме ішіндегі заттар үшін: 1 :50 ; 1: 10 т.с.с. болады.
Кішкене жәндіктердің , ұсақ бөлшектердің өлшемдері сызбада үлкейтіледі. Мұндай жағдайда қатынастың алдыңғы мүшесі оның соңғы мүшесінен үлкен болады.
Мысалы: 5:1; 10 :1 ; 100:1 – үлкейту масштабтары.
|
№1. Масштабы 1:10000000 картада Алматыдан Мәскеуге дейінгі қашықтық 3 дм. Алматы-Мәскеу темір жолының ұзындығы Алматыдан Мәскеуге дейінгі ара қашықтықтан 50%-ке артық. Темір жолдың ұзындығын табыңыз.
Шешуі:
3 дм = 30 см
30:х=1:10 000 000
х=300 000 000 см = 300 000 м = 3000 км
3000 + 1500 = 4500
Жауабы: 4500 км.
№2. Пішіні квадрат тәрізді жер бөлігінің сызбасы 1:500 масштабымен жасалған. Оның қабырғасы сызбада 16 см. Осы жер бөлігінің ауданын есептеп табыңыз.
Шешуі:
16:х=1:500
x=8 000
8 000 cм = 80 м
S=80*80=6400
Жауабы: 6400 м2
|
№1.
А стана мен Атырау қалаларының Жер бетіндегі арақашықтығы 1500 км болса, ал картадағы 7,5 см болса, онда карта масштабын табыңдар.
Жауабы: 1:20000000.
№2. Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73500м2. Масштабы 1:7000 сызбада осы алаңды кескіндегенде, ұзындығы 5 см тік төртбұрыш шықты. Алаңның енін табыңыз. Жауабы: 210 м
№3. Астана мен Жезқазған қаларының арақашықты,ы 496 км. 1:8000000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашықтығы неше сантиметр.
Жауабы: 6,2 см.
|