Географиялық карталарда қалалардың арақашықтығы, үйдің планында үйдің өлшемдері қалай кішірейтіліп беріледі.
Мысалы, кітап беті тік төртбұрыш пішінді: ұзындығы 2 дм 1 см, ені 1 дм 4 см.
Кітап бетін дәптерге кескіндейік. Ол үшін:
Өлшемдерді бір өлшем бірлігіне келтіру қажет.2 дм 1 см =21 см, 1 дм 4 см = 14 см;
Өлшемдердің мәндерін 7 есе кішірейтейік: 21 : 7 = 3; 14 : 7 = 2.
Дәптердегі кітап бетінің сызбасы ұзындығы 3 см, ені 2см тік төртбұрыш
Сызбадағы 1 см кітаптың нақты өлшемінің 7 см-іне тең. Мұны масштабы 1:7 немесе болатын кітап бетінің кескіні дейміз.
Географиялық карталар белгілі бір масштабпен дайындалады.
Анықтама: Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды.
Мысалы: географиялық картаның масштабы 1 : 100 000 болса, онда картаның ұзындығы 1 см кесіндіге жер бетінде 100 000 см = 1000 м = 1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше, жер бетіндегі 1 км қашықтық географиялық картада 1 см кесіндімен кескінделеді.
есеп.
Екі қаланың картадағы арақашықтығы 3,5 см. Жер бетіндегі арақышықтығы 175 км. Картаның масштабын табыңыздар.
Шешуі:
175 км = 175 000 м =17 500 000 см
3,5 : 17 500 000 =1 : 5 000 000
Жауабы: Картаның масштабы: 1 : 5 000 000 немесе
есеп
1 : 2 500 000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашықтығы 6 см. Екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығын табыңыздар.
Шешуі: х- екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығы. Масштаб анықтамасын пайдаланып, пропорция құрамыз:
Жауабы: 150 км
Әр түрлі сызбаларда масштаб әртүрлі сандық мәндерге ие болады. Масштаб географиялық карталарда : 1 : 250 000 000 ; 1 :1 000 000 ; үй бөлмелерінде: 1 :200 ; 1: 250 ; бөлме ішіндегі заттар үшін: 1 :50 ; 1: 10 т.с.с. болады.
Кішкене жәндіктердің , ұсақ бөлшектердің өлшемдері сызбада үлкейтіледі. Мұндай жағдайда қатынастың алдыңғы мүшесі оның соңғы мүшесінен үлкен болады.
Мысалы: 5:1; 10:1 ; 100:1 – үлкейту масштабтары.
|
№ 1.
Сырдария өзені Нарыннан басталып, Арал теңізіне құяды . Сырдария өзенінің ұзындығы 2220 км, оның 1:7 500 000 масштабымен сызылған картадағы ұзындығын табыңыздар.
Шешуі:
2220 км=2220 000 м=222 000 000 см
х:222 000 000 = 1:7 500 000
х=222 000 000 : 7 500 000=29,6
Жауабы: 29,6 см
№2.
Екі елді мекен арасын мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ 24 мин жүрді. Осы екі елді мекеннің картадағы арақашықтығы
7 см ; 2) 4 см болса, , картаның масштабын табыңыздар.
Шешуі:
S=40 км/сағ * 1,4 сағ = 56 км
56 км=56 000м= 5 600 000см
1) 7 : 5 600 000 = 1 : 800 000;
2) 4 : 5 600 000 = 1 400 000;
Жауабы: 1) 1: 800 000 2) 1 : 1 400 000
|
№1
Үлкен Алматы каналының ұзындығы 170 км, оның картадағы ұзындығы 17 мм. Картаның масштабын табыңыздар.
№2.
Картадағы 4,6 см кесіндіге Жер бетіндегі 230 км арақашықтық сәйкес. Жер бетіндегі 575 км арақашықтыққа осы картада неше сантиметр кесінді сәйкес?
|