Сабақтың тақырыбы: математикалық ойындар патшалығы Сабақтың мақсаты



Дата08.02.2022
өлшемі19,82 Kb.
#130936
түріСабақ
Байланысты:
математикалық ойын патшалығы


Математика 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: математикалық ойындар патшалығы
Сабақтың мақсаты:
1Оқушылардың алған білімдерін пысықтай отырып, логикалық ойлауға және «капиталды» өз білімдеріне сай жұмсай білуіне үйрету
2.Жұппен ,топпен бірлесіп жұмыс жасауға қалыптастыра отырып, сыни тұрғысынан ойлауын ,өз ойын еркін жеткізуін , дәлелді сөйлеуін, шығармашылықпен жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту 3. Ойын барысында экономикаға байланысты ойлау әрекетін және топта жұмыс барысында өз іс-әрекеттерін ұйымдастыра алуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: слайд, бейне-фильмдер, үлестірмелі қима қағаздар, ситкерлер, қағаздар


Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру Амандасу
Психологиялық дайындық
«Қозғал, қозғалма!» ойыны арқылы оқушылардың көңіл-күйін әсерлі ету


Топқа бөлу
Тоқтаған кезде оқушыларға үш түрлі қағаздар жапсыру .Түс бойынша топқа бөліп отырғызу.
-Балалар сендер сабақта ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
-Иә
Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз «математикалық ойындар патшалығы» деп аталады. Түрлі ойындар ойнап математика пәнінен алған білімдерімізді көрсетеміз.
Ойын ойнауға дайынсыңдар ма?

Онда біз сендермен « Ғажайыптар алаңы» ойынын ойнаймыз.


І.Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
1.Жылдамдықты , қашықтықты, уақытты және фигураның ауданын, периметрін формула арқылы көрсетеміз? 1000 теңге
2. Жылдамдыққа байланысты есептер 3000теңге
1.Бір қаладан бір мезгілде бір-бірінен қарама-қарсы бағытта екі жүк машинасы шықты. Оның біреуі 55км/ сағ, ал екіншісі 65 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3сағаттан кейін бұл машиналар бір-бірінен қандай қашықтықта болады?
(55+65)*3=120*3=360
2. Бір мезгілде екі қаладан екі жүк пойызы бір-біріне қарама –қарсы жолға шықты. Олар 7 сағаттан кейін кездесті. Бірінші пойыздың жылдамдығы 60км/сағ, екіншісінікі 80км/сағ. Қалалардың арақашықтығын тап.
(60+80)*7= 150*7=1050км

3.Арасы 60км екі ауылдан бір мезгілде бір бағытта жүк машинасы мен жеңіл машина шықты. Жеңіл машинаның жылдамдығы 85км /сағ, ал жүк машинасыныкі 65км/сағ. Егер жеңіл машина жүк машинасының соңынан жүріп отырса, оны қанша уақыттан кейін қуып жетеді.


85-65=20 60:20=3


3. Көбейтуді орында 2000теңге
627*408=255816
539*306=164934
758*204=154632
945*109=103005


4 .Бөлуді орында 3000 теңге
936624:312=3002
820615:205=4003
253380:246=1030
718760:238=3020
Алдардың жұмбақтары 2000теңге
Сергіту сәті
Ұяшықтар алаңы
«Не?Қайда? Қашан?» ойыны Қара жәшік 5000 теңге
Ол орташа суыққа ғана төзімді, әртүрлі пішінді болады. Ол тағам үшін де, ем үшін де өте пайдалы. Аурудан тез айығу үшін ежелгі грек дәрігерлері оның шырынын ұсынған. Оны асқазан - ішек ауруларына қолданады..Жер - жаһанды өзінің қанық түсімен бүлдіріп жүретін біріміздің сүйікті, енді біріміздің ауызға ала алмайтын затымыз не деп ойлайсыңдар?.
223 беттегі №4 есеп
Қоржындағы ақша Топтың жинаған ақшаларын есептеп бағалау
Үйге тапсырма
Менің сабақтан алаған әсерім

Қиындығы 10 ұпайға тең сұрақтар:


1. Транспортир дегеніміз не?
2.Циркуль не үшін қажет?
3.Әріпті өрнек дегеніміз не?
4.Үшбұрыштың периметрі?
5.Жазыңқы бұрыш нешеге тең?
6.Жай бөлшектің бөлшек сызығы нені білдіреді?
7.Бөлмеде 4 мысық отыр, әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық отыр?
8.1 жұмыртқа 10 минутта піседі, 5 жұмыртқа неше минутта піседі?
9.Аралас санды қалай бұрыс бөлшекке айналдырамыз?
10.Дұрыс бөлшектер координаталық түзуде қай жерде орналасады?
Қиындығы 20 ұпайға тең сұрақтар:
1.Аликвоттық бөлшектер дегеніміз не?
2.Көбейтіндісі 1-ге тең сандар қандай сандар?
4.Өзара жай сан дегеніміз не?
5.1 саны қандай сан?
6.Коэффициент дегеніміз не?
7.Берілген сан 5-ке бөлінуі үшін қандай шарт орындалуы тиіс?
8.Шеңбердің бөлігі не деп аталады?
9.Алымы мен бөлімі өзара жай сан болатын бөлшектер қандай бөлшектер?
10.Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді?
Қиындығы 25 ұпайға тең сұрақтар:
1.Егер шама процентпен берілсе, онда оныдөңгелек диаграммада қалай градуспен өрнектейміз?
2.Санның арифметикалық ортасы дегеніміз не?
3.Санның модасы дегеніміз не?
4.Процент дегеніміз не?
5.Қай кезде бөлінгіш пен бөлгіш тең болады?
6.Жай бөлшектің негізгі қасиеті қандай?
7.Кез келген санның еселіктері саны қанша?
8.Қандай сандар 3-ке қалдықсыз бөлінеді?
9.Заттың құнының формуласы?
10.Берілген санның ең үлкен бөлгіші нешеге тең?
Қиындығы 30 ұпайға тең сұрақтар:
1.Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сан қалай аталады?
2.Егер төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастаса, онда неше бұрыш қалады?
3.Диаметр грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
4.Жылдамдықты табу үшін не істейміз?
5.Натурал сандарға кері сандар қандай сандар?
6.Ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен үтірмен ажыратуды кімдер енгізді?
7.Бөлшек сөзін алғаш енгізген итальяндық ғалым?
8.Куб көлемінің формуласы?
9.Тікбұрыштың градустық өлшемі?
10.Толық бұрыш дегеніміз не?
Жасырынған сөздер. Көлденеңінен:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет