Сабақтың тақырыбы Матрица және оның қасиеттері Педагог Жакупова Ұ. Т. Курс



Дата07.02.2022
өлшемі45,08 Kb.
#88717
түріСабақ
Байланысты:
Матрица және оның қасиеттері


Онлайн сабақтың жоспары (синхронды оқыту)№



Сабақтың тақырыбы

Матрица және оның қасиеттері

Педагог

Жакупова Ұ.Т.

Курс

II курс

Тобы

КББ19-9.1
















Сабақтың өткізілетін күні

28.10.20
















Сабақтың түрі

Онлайн сабақ

Сабақтың мақсаты

Матрица және оның қасиеттерімен танысады. Есептер шығарады

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

Қ. Бектаев «Ықтималдылықтар теориясы және математикалық статистика» 1991ж. «математика» ПӘНіНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 2013ж

Техникалық құралдар, материалдар

АҚТ,ZOOM.WHATSAAP

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері




1 Ұйымдастыру кезеңі:



-Студенттерге платонус платформасы арқылы тапсырма жүктеу.
- Whatsapp желісі арқылы кері байланыс орнатып,сабақ барысын түсіндіру

2. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі
Практикалық /зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі
(жаңа тақырыпты болжау)

Ватсап желісінде тақырыпқа қысқаша түсінік.
Матрица және оның қасиеттері



3. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі



Тақырыпты оқу, формулаларды жаттап ажырату.

Бөлім меңгерушісі : Унеров Б.


Педагог: Жакупова Ұ.


Матрица және оның қасиеттері
m-жатық жолдан және n-тік жолдан тұратын сандардан құралған тікбұрышты кесте матрица деп аталады. Матрица




(1.1)

түрінде жазылады немесе қысқаша түрде А=(аij), мұндағы i=1,m (яғни i=1, 2, 3,…,m) - жатық жол нөміріj=1,n (яғни j=1, 2, 3,…,n) – тік жол нөмірі. Ал А матрицасын m×n өлшемді матрица деп атайды және A m×n деп жазады. Матрицалар құралған аij саны матрицаның элементтері деп аталады. Жоғары бұрышынан шығатын диагональда орналасқан элементтері бас диагональды құрайды.


Егер екі матрицаның барлық сәйкес келетін элементтері тең болса, онда мұндай матрицалар өзара тең болады, яғни


A=B, егер аij =bij , мұнда i=1,m, j=1,n.

(1.2)

Егер матрицаның жатық жолдар саны тік жолдар санына тең болса, ондай мұндай матрицаны – квадрат матрица деп атайды. n×n өлшемді квадрат матрицаны n өлшемді квадрат матрица деп атайды. Бас диагоналінің элементтерінен басқа элементтерінің бәрі нөлге тең квадрат матрица диагональдық матрица деп аталады. Бас диагональдің элементтерінің барлығы бірдей бірге тең диагональдық матрица бірлік матрица деп аталады. Бірлік матрица Е әрпімен белгіленеді.
Егер квадрат матрицаның бас диагоналінің бір жағында орналасқан элементтерінің барлығы нөлдер болса, онда мұндай матрица үшбұрышты матрица деп аталады.
Барлық элементтері нөльге тең матрица нөлдік матрица деп аталады. Нөлдік матрица О әрпімен белгіленеді.




(1.3)

белгіленеді.
Матрицалық есептеулерде О және Е матрицалары арифметикада 0 және 1 сандары рөлін атқарады.Бір жатық жолдан немесе бір тік жолдан тұратын матрица векторлық деп аталады (немесе тік жол матрица немесе жатық жол) жалпы түрі:


.

(1.4)

Бір санынан тұратын 1×1 өлшемді матрица сол санға теңестіріледі, яғни (5)1×1 5-ке тең.
Егер матрицаның барлық жатық жолдарын сәйкес сол нөмерлерімен тік жол етіп ауыстырғаннан шыққан матрица транспозицияланған матрица деп атайды.
https://youtu.be/F5TkvhoPid0

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет