Шымкент қаласы
№34 жом
Сапарова Сәуле Серикбаевна
Пәні : қазақ тілі
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік Ел «Бір ел – бір тағдыр»
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолдану, сапалы білім беру, Мәңгілік Ел – идеясының маңызын түсіну.
Дамытушылық: Тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдыларын әр сабақта дамыту, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік мәні: Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, елімізді қорғайтындай білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: Өз бетімен ойлау, сөйлеу дағдысы дамиды, өзара сұхбаттаса алады. Сыни ойлай біледі, сабақ барысында алған мағлұматтарды, әдістерді өмірде пайдалана біледі.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ (топпен жұмыс)
Бағалау: Өзін - өзі бағалау, топтық бағалау
Деректер: Тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар
Сабақтың кезеңдері
|
Тапсырма
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Уақыт
|
Кіріспе
|
Қызығушылықтарын ояту
Үй тапсырмасын сұрау
|
Сәлемдесу, сыныпқа көңіл бөлу, түгелдеу.
Оқушыларға бүгінгі күнге сәттілік тілеп «Алтын ережені» еске түсіреміз.
Үйге 6-тапсырма бойынша жаттаған өлеңдерін айтып береді, қосымша сұрақтарға жауап береді, шапшаңдық таныту, өз ойларын жеткізу.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі,
оқушылар ережені өздері айтады.
тәртіп сақтау,
белсенді болу,
ұйымшылдық,
жауапкершілік,
«Көңіліміз шат, сабаққа әзірміз, іске сәт».
|
1
6
|
Негізгі бөлім
|
Таныстырылым
|
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
|
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады.
|
1
|
Топтастыру
|
Балалар топ құру үшін шеңбер болып тұрады, бір – біріне жылы, жақсы бір ауыз тілектерін білдіреді және партада ту, елтаңба, әнұран туралы кеспелерді таңдайды.
|
Шеңбер болып тұрады. Жылы тілектерін білдіріп, тиісті суреттерді таңдайды.
|
3
|
Түсіну
|
«ЖИГСО» әдісі бойынша сабаққа дайындық жасау әрекеттері
|
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушылардан диалог ретінде сұрақтар қою. Сабақтың негізгі мағынасын ашу.
|
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізеді, топ бойынша әрекеттер жасайды, ой – пікірлермен санаса білуі тиіс.
|
5
|
Қолдану
|
Ортаға бірнеше тапсырма беріледі. Тәжірибенің орындалуын, сапалық нәтижесін айтамын.
|
Пайдалану арқылы жаңа тақырыппен жұмыс жасау, рессурстар арқылы ойларын постерге түсіру (тапсырма).
|
Оқушылар суретпен, арнайы рессурстармен жұмыс жасайды, түсіндіреді, көзбен көреді, постермен айтады.
|
7
|
Дауыстап оқылады
|
Сөздікпен жұмыс:
Берілген сөздердің айтылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру,
Сөздерді оқушыларға хормен
және жекелей оқыту,
Сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрау.
|
Жұптасып оқиды. Екі – үш сөз тіркесін құрайды.
Іргетасын қаладық, асыл білім, тыныштық орнату, Ел басы жолдауы.
|
2
|
Сергіту сәті
|
«Балапандар биі» атты жаттығу жасау
|
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау.
|
Интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.
|
1
|
Талдау
|
Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды беру.
І топ мәтінді фила кестесі бойынша талдау
ІІ топ мәтінге диалог құрау
ІІ топ мәтіннен есімше жұрнақтарын табу
|
Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін кестелер беріледі.
|
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жауап береді, топ мүшесі бағалайды, берілген жұмыстарын талдайды, аударады.
|
10
|
Жинақтау
|
Тақырыпқа қатысты суретпен әңгіме құрастыру арқылы жинақтайды.
Берілген сурет бойынша сұхбаттасу.
Қазақстан қандай мемлекет?
Неге көп ұлтты?
Қандай ұлттар тұрады?
Мәңгілік Ел идеясының ең басты міндеттері?
|
Тарау бойынша білімдерін жинақтау үшін әр топқа суреттер таратылады, сол сурет төңірегенде әңгіме жазу тапсырылады.
|
Әр топ өзара тақырыпқа қатысты шағын әңгіме жаза отырып өз ойларын жинақтайды, ортаға шығып әңгімелерін оқиды.
|
5
|
Қорыта келе елге не тілейміз?
|
Әр топқа тілек сөздерін таратамын, олар сол сөздерден тілек құрайды.
|
Жұптаса орындайтын балалар, өз беттерімен берілген сөздерден тілек жазады, өз жұптарына оқып береді.
|
2
|
Бағалау
|
Критерилері
Үй тапсырмасы бойынша
Мәтін талдау
Сұрақтарға жауап беруі
Суреттер бойынша
|
Оқушыларды мадақтау арқылы және ынталандыра отырып бағалаймын. Олардың топқа берген бағаларын тыңдаймын. Жалпы бағасын шығарамын.
|
Өзін - өзі топпен бағалайды. Оқушылар алдарына берілген бағалау парағын толтырады. Тақтаға шығып топқа баға береді. Ал қасындағылардың бағаларын ауызша айтады.
|
1
|
Рефлексия
|
Стикерлер таратылады:
Бүгін мен не үйрендім?
Сабақтан алған әсерім?
Бүгінгі көңіл – күйім?
|
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну.
|
Ұсынған стикерлерді толтырады.
|
1
|
Достарыңызбен бөлісу: |