Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№1-тапсырма: Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіреді,
берілген жаттығуларды орындатды.
1-тапсырма. «Мәңгілік ел» ұғымын естігінде ойларына не келеді? Өз ойларын сызбаға салып көрсетеді.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. -Сызбаны салып толтырады.
9-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
№2-тапсырма: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
2-тапсырма. Үнтаспадан 1-аудиомәтінді тыңдайды.
А. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
1. Мемлекеттік идеология не үшін қажет?
2. «Мәңгілік ел» орнату идеасы қайдан бастау алған?
3. Мәңгілік ел болудың негізгі шарттары қандай?
Дескриптор: Жалпы – 4 балл. - Сұрақтарға жауап береді.
9-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
№3-тапсырма: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
Ә. Мәтінде кездескен сөз қолданысын өз сөздерімен түсіндіреді.
Бағдаршам, ықылым, заман, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман, жерұйық, ұлыс, қағанат.