Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Ырғыз № 2 орта мектебі
Ыбраева Ләззат Күнтуқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ әдебиеті 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өмірді іздеген Қорқыт
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қорқыт ата өмірінен таныстыру. Қосымша мағлұмат беру.
Дамытушылығы: өз ойларын тиянақты жеткізуге, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Қорқыт өмірін үлгі ету.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Ойқозғау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, күй, ән тыңдау.
Сабақтың түрі: Таным сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт туралы презентация, оқулық.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгелдеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын қорытындылау. Сонымен балалар, аңыз дегеніміз не?
Аңыз дегеніміз – тарихта болған әйгілі адамдардың өмірімен тарихи шындыққа негізделген көркем шығармаға айналып кеткен әңгіме. Аңыз кейіпкерлері кім еді?
Алдар көсе, Қожанасыр, Асан қайғы, Қорқыт, Қарашаш және Жиренше шешен.
3. Жаңа сабақ. Кіріспе. Бүгінгі сабағымызда ҮІІІ ғасырларда өмір сүрген түркі халықтарының барлығына ортақ тұлға, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы, аңыз кейіпкері Қорқыт ата туралы мағлұмат аламыз. Қорқыт қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келген. Жалпы Қорқыт атаның өмір сүрген жылдары мен өзі туралы деректер, аңыз әңгімелер өте көп. Қорқыт бабаны кейбір деректерде 95 жыл жасаған десе, кейбірінде 195 жыл, ал кейбірінде 400 жыл жасаған дейді. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят руынан, анасы қыпшақ руынан, анасы – қыпшақ руынан. Қорқыт өлімнен қашып, Желмаясына мініп адамдар үшін мәңгілік өмір іздеген. Бірақ қайда барса да алдынан қазулы көр шығады екен. Қазақ халқында «Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі» деген сөз осыдан қалса керек. Адам қанша қашса да өлімнен құтыла алмайтындығына қапаланып, Қорқыт қарағайдан қобыз жасап, күй толғайды. Күндердің күнінде Сырдария толқынының үстінде күй тартып әбден қалжыраған Қорқыт қалғып кетеді. Сол сәтті аңдып тұрған ажал жылан бейнесіне еніп, Қорқытты шағып өлтіреді.
Ой толғау. – Балалар, адам үшін мәңгілік өмір бар ма? Мәңгілік өмір берілген бе?
Адамға өлшеулі ғана өмір берілген. Бағзы заманда ата – бабаларымыз: «Өлмесең ата – бабам қайда кеткен» деген.
Қорқыттың күйлері: «Башпай», «Желмая», «Қоштасу», «Аққу», «Арыстан баб», «Қорқыт күйі», «Қорқыттың өлімі», «Қорқыт сарыны», т.б.
Оқулықпен жұмыс. Қорқыт туралы аңыздардан /Қорқыттың өмірге келуі/.
1. Мәнерлеп оқыту.
2. Әр азат жолға сұрақ қойдыру. /Мазмұндату/
Дәптермен жұмыс. /күрделі сөздерді дәптерге жаздыру/.
3. Сөз сыры. Бүкіл дүние, азаптанғандай күй кешу, қорқыныш билеу, нұр – шуаққа малыну, ұшқан құс, жүгірген аң, соққан жел, жауған жаңбырмен жарысу, ер жету, тепсе темір үзу, қияға самғату, сапар шегу, жолыңа жарық түсіру, сәуле шашу, пәле – жаладан сақтап, желеп – жебеу, құйқылжыған әуендер кернеу, құлақ күйін келтіру.
Қосымша материал. /слайд/. Тақтаға назар аударайық!
Біліп ал!
Қорқыт қайтыс болғаннан кейін оны Сырдария өзенінің жағасына жерлеген. ХІХ ғасырдың аяғында Сырдария арнасынан асқан кезде, бейітті су шайып кетеді. Қазіргі кезде бейіттің орны жоқ. Содан кейін Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 километр жерде Қорқыт бабамызға арнап ескерткіш кешен ашылды. 2014 жылы қазан айында ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен кешенде қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды. Мұражай қорында 70 жуық экспонат сақталған. Бұл Қорқыт ескерткіші темір бетоннан жасалған, биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стелла әр тарапқа қаратылып тұрғызылған. Жоғарғы жағы қобыз пішіндес. Орталық тесігінде 40 металл түтігі бар. Олар жел соққан уақытта қобыз сарыны тәріздес үн шығарып тұрады. Ескерткіш авторы – Бек Ыбраев.
Қорытынды.
Балалар, сонымен Қорқыт ата кім?
Қорқыт
Қай жерде дүниеге келген?
Ол желмаясына мініп не іздеді?
Қорқыт қандай аспап жасап шығарды?
Қорқыт қалай қайтыс болды?
Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта күйші, қобызшы, ойшыл, аңыз кейіпкері Қорқыт Қарақожаұлының өмірінен мағлұмат алдық.
Музыка тыңдау. – Балалар, үнтаспадағы әнші Гүлнұр Оразымбетованың орындауында «Қорқыт - Қобыз» әнін тыңдап көрейік. «Азия дауысы» ән фестивалінде Гүлнұр осы әні арқылы жүлделі І орынды иеленді.
Үй тапсырмасы. Мәтінді оқып, мазмұндау. Сөздікті дәптерге жазып келу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |