Сабақтың тақырыбы Механикалық жұмыс



Дата05.07.2018
өлшемі130,17 Kb.
#47254
түріСабақ


Сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жұмыс және қуат




Күні:




Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Механикалық жұмыс







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.1 – механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;

7.2.3.8 – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану.



Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Барлығы:


  • механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсінеді;

  • механикалық жұмыс формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Көпшілігі:

  • механикалық жұмысты тұрмыста және техникада мысал келтіре отырып сипаттау.

Кейбіреулері:

  • механикалық жұмыс ұғымының табиғи қасиетін талдайды.

Бағалау критерийі

  • механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсінеді;

  • механикалық жұмыс формулаларын есептер шығаруда қолдану;

  • механикалық жұмысты тұрмыста және техникада мысал келтіре отырып сипаттау;

  • механикалық жұмыс ұғымының табиғи қасиетін талдайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Физикалық шамалар: Жұмыс, Джоуль жазбаша және ауызша түрде сипаттайды, анықтай алады.

Механикалық жұмыс дегеніміз . . . . .

Жұмыстың өлшем бірлігі . . . . .

Механикалық жұмыстың формуласы . . . . .

Жұмыстың табиғи қасиеті . . . . .



Құндылықтарға баулу


  • Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана;

  • Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу;

  • Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Пәнаралық байланыс

Математика, жаратылыстану, тарих

Алдыңғы білім


Оқушылар масса және күш ұғымдарын, өлшем бірліктерін, формулаларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

(W) Психологиялық тренинг: «Мен күштімін, өйткені...» өз есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын жақсы тілек сөздер айту.

Топқа бөлу: «Мамандық» әдісі бойынша бөліну. Егер «Дәрігер» десе 2 адам болып топтасады, ал егер «Мұғалім» десе 3 адам боп топсатады және Инженер» десе 4 адам болып топтасады.


Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы



  1. (F) Ой қозғау стратегиясы «Миға шабуыл».

Үй жұмысын тексеру:


Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру




Атауы

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формуласы

1




F







2

жылдамдық










3







Секунд




4










s=vt

5




m







Бағалау критерийлері:

  • Оқушы кестенің әр жолын дұрыс толтырады;

  • Оқушы шамалардың физикалық мағынасын біледі және түсінеді.

Дескрипторлар:

  • Берілген кестенің әр жолын дұрыс толтырды;

  • Оқушы шамалардың физикалық мағынасын білді;

  • Оқушы әр жағдайды дұрыс түсіндірді.

Мұғалім интерактивті тақтада дұрыс жауабын шығарып көрсетеді.

Балалар өзін-өзі бағалайды.

Жаңа сабақ:

(Р) Сабақтың мақсатын айқындау. (видеоға қарап бүгінгі тақырыпты болжау (жұптық жұмыс) )


(W) Интернет сілтемелерімен жұмыс (Bilimland). Видео шолу жасалынады.
(G) (F) Проблемалық сұрақ қойылады.

  • Күнделікті өмірдегі жұмыс деген ұғымды қалай түсінесін?

  • Оның бүгінгі тақырыппен қандай ұқсастығы немесе айырмашылығы бар?


Бағалау критерийлері:

  • Өмірден мысал келтіреді;

  • Механикалық жұмыс пен тұрмыстағы жұмыстың ұқсастығымен айырмашылығын ажырата біледі.

Дескрипторлар:

  • Күнделікті өмірмен байланыстырады;

  • Олардың айырмашылығымен ұқсатығын ажыратады.

Оқушылар «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана» және «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылықтарын дамытады.


Оқушылар тапсырманың меңгергенін «Бас бармақ» арқылы жүзеге асырады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

(W) Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.

Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де жүрілген жолға да тура пропорционал.

Мұндағы: А-жұмыс;

Ғ-күш;

s – жүрілген жол.



Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың өлшем бірлігі ХБЖ-да джоуль алынады.

1Дж=1Нх1м=1Н∙м.

1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=103Дж

1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10-3Дж

1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10-6Дж

Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.

N=A/t

Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс; t-жұмыс істеуге кеткен уақыт.



Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 Джоуль жұмыс алынады.

Өлшем бірлігі ватт

1 Вт = Дж/сек

1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт

1 милливатт (1мВт)=0,001 Вт=10-3Вт

1 микроватт (1мкВт)=0,000001 Вт=10-6Вт



.

Оқушылар оқулықпен жұмыс жайсады.

(І) (G) (F) Есеп шығару (оқушылар есептің жеке орындап, содан соң топ ішінде талқылайды):


  1. 4 Н күштің әсерінен дене 10 м-ге жылжи отырып атқарылатын жұмысты есептендер.

  2. Ауыр атлет массасы 2 центнер штанганы 4 секунд үшінде 2 метрге жоғары көтереді. Ауыр атлеттің күшін табындар

  3. 1500 г денені көтеру үшін адам 22, 5 Дж жұмыс атқарды. Сонда дене неше м-ге көтеріледі?

  4. Арбаға жегілген ат массасы 1,5 т жүкті орнынан қозғау үшін 620 кДж жұмыс істейді. Арба қанша қашықтыққа қозғалды?


Бағалау критерийлері:

  • Есептердің берілгенін жазады;

  • ХБЖ-ға аударады;

  • Механикалық жұмыс мағынасын біледі және түсінеді;

  • Механикалық жұмысты алдынғы біліммен қолданған формулаларды есеп шығару барысында қолданады;

  • Механикалық жұмыс өмірмен байланыстырады және қасиетін талдайды.

Дескриптор:

  • Есептердің берілгенін дұрыс физикалық тілде жазды;

  • ХБЖ-ға дұрыс аударды;

  • Механикалық жұмыс пен қуаттың ұғымын түсінді;

  • Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын ажырата отыры оларды есеп шығару барысында қолданды;

  • Оларды күнделікті өмірмен байланыстыра отырып талдау жасай білді.

Оқушылар «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» және «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылықтарын дамытады.

Оқушылар тапсырманы «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.


7-сынып. Оқулық. Физика

Кеспе қағаздар маркер



www.bilimland.kz

(Видеобейне)

Үлестірмелі тапсырмалар

7-сынып. Оқулық. Физика

Жұмыс дәптері

Жұмыс дәптері


Сабақтың соңы


(G) Кері байланыс:

Оқушыларға алдын-ала даярланған парағын таратып беремін (топтың ішінен сайланған оқушы сөйлейді)



Өзінің жұмысына талдау жасайды:

  1. Қандай жаңа білім алдым?

  2. Мақсатқа жету үшін не істедім?

  3. Көңіл күйім қандай болды?

  4. Қандай көмек бере алдым?

  5. Қандай кедергі болды?



Интерактивті тақта

Үлестірмелі материалдар



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





  • Сабақтың мақсатын саралау;

  • Бағалау кезінде саралау;

  • Сабақтың әр кезеңінде аралас топқақа саралау тәсілі бағалай крийтерияларын және дескрипторларын құру арқылы көрініс саралау;

  • Оқушыларға танымдық-шығармашылдық тапрсымалар беру арқылы саралау.

  • Критерий және дискрипторлар арқылы бағалау;

  • Дайын жауаптар арқылы өзін-өзі бағалау;

  • «Бас бармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау;

  • «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Топтық жұмыс кезінде парта алдында отыру дағдаларын қадағалап және ережелерді сақтауды орындату.

Сабақта тренинг өткізу: «Мен мықтымын, себебі...» өз есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын жақсы тілек сөздер айттты. Оқушыларға сабақ кезінде партада отыру дағдыларын дамыту. Сыныптың құрал-жабдықтарымен ұқыпты қолдану ережесін сақтау.



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет