Сабақтың тақырыбы: Механикалық жұмыс.Қуат Бөлімі: 3б жұмыс және қуат



Дата11.05.2022
өлшемі155,94 Kb.
#142250
түріСабақ
Байланысты:
7 сынып ҚМЖ 3-тоқсан 18 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Механикалық жұмыс.Қуат



Бөлімі:

7.3Б Жұмыс және қуат

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Механикалық жұмыс.Қуат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.3.1 – механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру.
7.2.3.7 – қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Механикалық жұмыс, қуат ұғымдарының физикалық мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар істей алады: Механикалық жұмыс пен қуаттың қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтайды, формуласын жазады, есептеулер жүргізеді.
Кейбір оқушылар істей алады: Механикалық жұмыс пен қуатты өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді

Бағалау критерийлері



-Механикалық жұмыс пен қуаттың анықтамасын біледі, физикалық мағынасын түсінеді.
-Механикалық жұмыс пен қуаттың қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтайды, формуласын қолданып есептеулер жүргізеді.
-Механикалық жұмыс пен қуатты өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіре алады.

Құндылықтарға баулу



Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру, игерген білімді өмірде қолдану

Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару.
Сабақта қарастырылатын мәселелер:
І. Үй тапсырмасын тексеру.
«Миға шабуыл» әдісі. Бір-біріне қағазға жазылған сұрақтарға жауап беріп,өткен тақырыптарға шолу жасау арқылы өткен тарау бойынша білімін шыңдайды.
1.Қысым дегеніміз не?
2.Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не?
3. Архимед заңының тұжырымдамасы.
4. Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді?
5. Денелердің жүзу шарттарына түсінік бер.



Оқушылар бір-біріне қағазға жазылған сұрақтарға жауап беріп,алдыңғы білімдерін естеріне түсіреді.

Дескриптор:
- Қысым, қалыпты атмосфералық қысым ұғымын түсінеді.
- Архимед заңын, кері итеруші күштің қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін біледі.
-Денелердің жүзу шарттарына атап, түсіндіре алады.



Стикерлер
Слайд
ДК экран

Сабақтың ортасы
20 минут



Жаңа тақырып
I. «Болжау ағашы». Оқушылар назарына жаңа тақырыпқа байланысты суреттер ұсынылады. Суретте не берілген? Бірдей жұмысты кім жылдам бітіреді? Неліктен? Қоршаған ортадан және күнделікті өмірден тағы қандай мысалдар келтіруге болады? Өз ойы жазылған стикерді ағашқа жабыстырады.



















II . «Кім жылдам?» әдісі (I) жеке жұмыс, есептер шығару.

ІІІ. “Қызықты тәжірибе” әдісі (I) жеке жұмыс.


Тәжірибе: көлбеу тақтайдың бетімен жүкті жоғары қарай көтеру үшін жұмсалған жұмысты және осы кездегі қуатты анықтау керек.

ІV. «Формулалар сыр шертеді» әдісі. Физикалық шамалар мен олардың белгіленуін, формуласын, өлшем бірлігін нұсқамамен сәйкестендіру.

Бұл әдісте оқушылар суретке қарап, жұмыс пен қуаттың күнделікті өмірдегі мысалдармен байланысын түсінеді.
Жоғарыда алған теориялық білімдеріне сүйеніп, еептер шығарады.

Оқушылыр мұғалім нұсқауымен тәжірибе жасап, көлбеу тақтай бетімен жүкті қозғалту кезіндегі жұмыспен қуатты анықтайды.


Формулаларды өлшем бірліктерімен сәйкестендіреді.




Дескриптор:
- Тұрмыста адамдардың атқаратын жұмысы туралы ой қорытып, өз ойларын айтады, стикерге жазады.
-Күнделікті өмірден жұмысты орындау шапшаңдығына байланысты мысалдар келтіреді.

Жалпы балл-2


Дескриптор:
- Есептің мағынасын түсініп, берілгенін жазады.
- Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді.
-Механикалық жұмыс пен қуаттың формуласын біледі.
- Формуланы пайдаланып, есептеулер жүргізеді.
Жалпы балл-3


Дескриптор:
1.Динамометрмен жүкті өлшейді.
2Көтерілу уақытын секундомермен өлшейді
3.Тақтай ұзындығына тең көтерілу биіктігін сызғыштың көмегімен анықтайды.
4. Алынған шамаларды жұмыс пен қуат формулаларына қойып, нәтижесін есептеп шығарады.
5. Тәжірибе бойынша қорытынды жасайды.
Жалпы балл-3


Дескриптор:
- Физикалық шамалар мен белгіленулерін сәйкестендіреді.
-Физикалық шамалар мен формулаларды сәйкестендіреді.
- Физикалық шамаларды анықтап, қорытынды жасайды.
Жалпы балл-2

Суреттер
Слайд

Қосымша-1


Дәптер

Динамометр, көлбеу тақтай, секундомер, сызғыш.

Қосымша-2



Сабақтың соңы.


10 мин
Рефлекция
Бағалау

Үй тапсырмасы



Кері байланыс
Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?
Бүгінгі сабақта мен не жасай алдым?
Бүгінгі сабақта не жасай алмадым?
Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып бағалау критерий арқылы бағалау
Есептер шығару.
Экперименттік тапсырма

Оқушы сабақтағы өз әрекетіне кері байланыс жасайды.

Сабақтағы тапсырмалардың жалпы бағалау критерий-10 баллдық жүйемен бағаланады.






Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?


Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып
Кейбір оқушылар: Есептер шығару, тәжірибе орындау тапсырмаларын білім деңгейі, пәнге қызығушылығы жоғары оқушылар жылдам орындайды. Бұл әдістер оқушылардың тақырыпты терең түсінуіне жол ашады.
Басым оқушылар: Жұмыс пен қуат ұғымын және оның ерекшеліктерін сөз тіркестері арқылы анықтау, формулалары мен өлшем бірлігін сәйкестендіру тапсырмалары арқылы басым көпшілік оқушылардың тақырып бойынша түсінік пен дағдылары қалыптасады.
Барлық оқушылар: Тақырыпқа байланысты берілген суреттер бойынша барлық оқушылар тұрмыста адамдардың атқаратын жұмысы, жұмысты орындау шапшаңдығы туралы ой қорытып, өз ойларын ашық, еркін жеткізе алады.

Әрбір кезең бойынша, әр тапсырмадан кейін оқушыларға
ауызша және жазбаша кері байланыс беріп отырамын. Кері байланыс беруде
«Жарайсың»
«Сен жетістіктерге жетудесің»
«Нақтылық жетпейді, сен мұны бұдан да жақсы жасай аласың»
«Сен ең бастысын жіберіп алдың»
«Саған ..... бойынша іздену керек» ауызша және жазбаша кері байланыс түрлерін қолданамын.
Оқушыларды өзін өзі бағалауын бағдаршам, басбармақ әдісі және өзара бағалауы арқылы бағалаймын


Эксперименттік есепті шығару барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.












Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет