І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқушылардың дайындығын тексеру.
Алдымен үй тапсырмасын «Plicers» бағдарламасы арқылы «Элективті тест» тәсілімен тексеремін.
1.Фотоэффект құбылысын түсіндіру жолын кім тапқан еді?
А) А.Эйнштейн В) Г.Герц В) Н.Коперник С) И.Кеплер
2. Квантты көзқарас бойынша жарықты таситын әрбір бөлшек, яғни фотон бір квант энергияға ие болады:
А) We=e·U В) Е=h𝜈 С)𝛥Е=Е1-Е2 Д)А=qU1,2
3)Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?
А) Фотонның бір кванттық энергиясын айтады
В) Потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға айналуы
С) Фотоэффект құбылысының пайда болуы
Д) Электронның металдан босап шығуы үшін оған берілетін ең аз энергияны айтады
4)Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құрал:
А) Үдеткіш В) Фотоэлемент С)Қызыл шекара Д) Квант
5)Жарықтың толқындық және бөлшектік қасиеттерінің бірлігі –табиғи заңдылық. Бұл бірлікті қалай атаймыз?
А)Қызыл шекарасы В)Шығу жұмысы С) Жарықтың дуализмі Д)Фотоэффект
Бағалау. Әр оқушыны шыққан көрсеткіштері бойынша, ынталандыру мақсатында ауызша бағалау.
II.Оқушыларды топқа бөлу.
Әртүрлі фигураларға жаңа сабаққа байланысты таныс емес сөздер, яғни құрылғылардың аттары жазылады.Оқушылар фигураларды таңдай отырып,жазылған құрылғы аттары бойынша топтасады
|